Бейсенбі, 02 Тамыз 2018 14:48

Ауданымыз – чемпион!

 

«Абыройың арта берсін!» деп абыздардан бата алған жастарымыз намысты қолдан бермеді, білекті байқауда өрледі, бірінші орын алып жігіттеріміз ерледі. Айтпағымыз, Сарыөзек кентіндегі №12740  әскери бөлімінде өткен облыстық «Айбын» әскери-патриоттық, спорттық ойынында бірінші орынды қанжығалады. Жақында аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев білекті, жүректі жастарымызды қабылдап, салтанатты жағдайда құттықтады.

Байрақты бәсекеге Жеті-су өңірінен 15 ауданның құрамасы қатысты. Астананың 20 жылдығы құрметіне орай жалауы желбіреген шарада жігіттеріміз әскери-медициналық дайындық, сапта жүру,спорттық бағдарлау, ату жаттығулары, АК-74 бөлшектеу және жинау, кермеге тартылу, кросс, әскерилендірілген эстафета сындарынан сүрінбей өтті. сөйтіп, мәреге бірінші боп жетті. Жеңімпаздарымызды құттықтаған Айбек Дүйсембек-ұлы: – Жастарға қолдау көрсету, уақыттарын тиімді пайдалануына мүмкіндік туғызу – Елбасымыздың нақты бағдарламасы. Сонымен қатар, ауданымыздың әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы да бұл саланы бір мезет көзден таса қылмайды. Нәтижесінде, міне, осындай байрақты бәсекелерде Сіздер сенімдерімізді ақтап отырсыздар. Мұндайда қазақ: «Бәрекелді! Өркенің өссін!» деген. Біздің де айтпағымыз осы, ешқашан өздеріңізді жан-жақты дамытудан жалықпаңыздар. Өйткені, әрбіріңіз еліміздің гүлденуіне зор үлес қосатын нағыз патриот жастарсыздар! Сіздерге есігіміз әрдайым ашық, – деп бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

Осы ретте ауданымыздың намысын қорғаған команда мүшелерінің есімін жазбау бізге сын: Еламан Маратұлы, Владислав Князев, Ғалым Нұрқалық, Азамат Қасым, Архат Силанбек. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша көксулықтар үшінші, Кербұлақ ауданының құрамасы екінші орынды місе тұтты.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 1750 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ауданымыз – чемпион! Клуб «AIBYN» растит чемпионов »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет