Дүйсенбі, 06 Маусым 2022 14:18

Сәкеннің "Тіршілік" газеті жайлы жазғаны

Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында «Тіршілік» газеті жайлы: «Ашық хатта» баяндалған газеттің 4-ші санында жарияланған, «Шамиль» деп қол қойған «Ақмола облысының жандарал қазақ комитеті» деген мақаласымен басталады.

Бұл мақалада көп жайтты жалған дәлелдермен келтіріп, халықты дұрыс жолдан тайдырмақ түрде жарияланған соң, областной қазақ комитеті дұрысын қайта жариялады.
Берілген мақалада «Областной қазақ комитетін құртпақ мақсатта Мұқан Айтпенұлы, Абдырахман Қылышбайұлы, Шаймерден Әлжанұлы және жанында бес-алты жолдастары болды. Омбы төңкерісіне де тікелей қатысты осылар, билік басына келген кез келген комитетке риза болмай соңын дау-жанжалмен ақтайды делінген. Және де бұл адамдар комитеттің ақшасы жайлы да жалған ақпараттар беріп халықты дұрыс жолдан тайдырмақ болған.
Яғни оқитын студеттеріне берілетін стипендиясы үкімет басында отыратын бастықтың балаларына жеткілікті жағдайда ақшасы беріліп, ал оқитын кедейдің балаларына стипендиялары толық берілмей, қалған ақшаларын өздері алып қалады деп келтірген. Мұның бәрін жалған деп осы «Тіршілік» газетіне Областной қазақ комитеті мақала ретінде жариялаған».
Сонымен қатар, тек осы мақала ғана емес, журналистер бұл газетте «Алаш» газеті мен «Үш жүз» газеті арасындағы жанжал туралы да мақала жазып, халыққа жолдап отырған. Мақалалар негізінен «Алаш» газеті мен «Үш жүз» газеті арасында ұстанатын бағыты жайлы болған.
Газеттің редакторы Сәкен Сейфуллин осы жанжалға өз ойын қоса кеткен: «Алаш газетіне қазақ арасынан шыққан оқыған, тоқыған, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар жиналған. Мен негізінен осы газеттің ұстанатын бағытын дұрыс көрем, себебі газет басшылары кез келген  тығырықтан, кедергіден асықпай ақыл мен баппен ойланып шығады» деп «Алаш» газетінің жұмыстарына талдау жасап өз ойын келтірген.
Ал «Үш жүз» газеті жайлы: «Үш жүз газетінің басшылары көбінесе тірелген тығырықтардан ақылмен емес, жұдырық күшімен шығады және асығыс шешім қабылдап, оңбай қателікке бой алдырады» - деп ойын білдірді.
Қорыта айтқанда, «Тіршілік» газеті сол кездегі «Барды бар, жоқты жоқ» деп айтатын газеттің бірі болған. Қазіргі таңда газет Көкшетау қаласында «Арқа ажары» деген атпен шығып тұр. Бұл газеттің ары қарай жалғасын тауып, осы күнге дейін басылып шығатынын біз мақтанышпен айтамыз. 

Аружан АРТЫҚ.

Оқылды 6915 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Часовые Аударма ісінің дамуы оқырман қолында »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет