Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020 09:57

Әйел – әлем

Әйел жайлы аңыз көп қасиетті,

Ғасырлардан аңыздар асып өтті.

Шексіз түйсік, махаббат, сұлулықты,

Әйелдерге тәңірім нәсіп етті.

Қаламасын биікке шыққанды кім?

Тәуелді сол әйелге күш, тағдырың.

Әйел – үміт үзілмес, дегенменен,

Афродитадай жеңе алмас құштарлығын.

Бар әлемді келеді өрге сүйреп,

Әйел – қайсар өшпейтін кеудесінде от.

Әйел – қамқор жебейтін отбасыны,

Қасиетті Ұмайдың бейнесі боп.

Әйел – пәктік шығарған адал атын,

Әйел – тірек демейтін азаматын.

Әйел – өмір дәні ғой тіршіліктің,

Барша адамзат Хауадан таралатын.

Үйлесімі секілді заңдылықтың,

Әйелсіз ер болады мәңгі міскін.

Әйел – батыр Тұмардай топтан озған,

Әйел – тағдыр символы мәңгіліктің.

Талас-тартыс, береке, басқаның да,

Біле білсең әйел тұр бастауында.

Әйел – жұлдыз жол сілтер болашаққа,

Жарқыраған Шолпан боп аспаныңда.

Бағыты көп өмірдің тарауында,

Әйел болар жол сілтер жалауың да.

Еркек үшін өкшесі Ахилестің,

Ұжымақтың кілті де табанында.

Әйел жайлы аңыз көп, рас бәрі,

Таусылмайды, бітпейді – ұласпалы.

Әйел – бақыт, әйел – бақ, әйел – дәулет,

Кез келгенге жолықпас бірақ тағы.

 

  Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ

Оқылды 1318 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Әйел – әлем Менің қалам »

Соңғы жаңалықтар

Мам 21, 2025

Қазақстан энергетикасының даму…

Астана, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан…
Мам 20, 2025

Алматы облысында оқушылардың 92…

Алматы облысында 17 917 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылады. Олар үлкен өмірге қанат…
Мам 20, 2025

18 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ

Бүгін – адамзат өркениетінің тарихы мен мәдениетін, рухани байлығын жинақтап, келер…
Мам 20, 2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай…

2025 жылдың 15 мамырында Шелек ауылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт…
Мам 20, 2025

Абайлаңыз, листериоз!

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Мам 20, 2025

Метрология – сенім құралы:…

Бүгін Метрлік конвенцияға қол қойылғанына 150 жыл толды.Метрлік конвенция – жаһандық…
Мам 20, 2025

ӘРТҮРЛІ ЖАРАҚАТТАРМЕН 240 МЫҢ…

Жыл сайын 20 мамырда әлемнің травматолог-дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап…
Мам 20, 2025

Көлік министрлігі жазғы маусымда…

Жазда ел тұрғындары Алакөлге ұшақпен, пойызбен немесе автокөлікпен жете алады. Теміржол…
Мам 20, 2025

Қазақстанның энергия теңгеріміндегі…

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК)…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет