Жұма, 10 Сәуір 2020 08:49

Өлеңмен өрілген өмір

Бұрынғы КСРО, қазіргі Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Жамшит Розахунов биыл 70 жасқа толды. Байсейіттік жерлес ақынның аталмыш мерейжасына орай Шелек модельді ауылдық кітапханасында кітапханашы Артықкүл Адамбекованың ұйымдастыруымен  жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу, отансүйгіштік, сүйіспеншілік сезімін ояту мақсатында «Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. «Халқы үшін туған жан» атты бұл шығармашылық басқосуға жергілікті ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Анарбек Бердібаев пен «Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің Шелек өңіріндегі тілшісі Нұрсерік Тілеуқабыл шақырылды.

Жамшит Розхунов Кубань Ауылшаруашылық институтын, кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік педагогикалық университетін бітіреді. Қазақстан ЛКЖО Шелек аудандық комитетінің екінші, сосын бірінші хатшысы болып қызмет етті. Алматы жоғарғы партия мектебін оқып бітіргеннен соң, Шелек аудандық партия комитетінің ауылшаруашылығы бойынша бөлім меңгерушісі, екінші хатшы, «Бартоғай» кеңшарының директоры, Ұйғыр аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық жан-жануарларды қорғау инспекциясының инспекторы болып қызметтер атқарса, зейнетке шыққанға дейін «ӘМӘТ» шаруа қожалығын басқарды. Осындай лауазымды жұмыстарды атқара жүріп, өлең жазумен де айналысты. Мәскеудегі «Советский писатель» баспасынан «Ветви Чинара», «Священный край» ұжымдық жинақтарда өлеңдері жарияланды. Сонымен қатар, Алматыда «Жазушы» баспасынан «Бәйшешек», «Бір уыс топырақ»,   «Жылдар жыры», «Менің дутарым», «Жолдар бітпейді», «Ой тамшылары», «Аққуар қайтқанда» атты жыр жинақтары жарық көрді. Жергілікті қаламгер Анарбек Бердібаев ақынның қазақ тіліне аударған өлеңдерін де оқушылар мәнерлеп оқыды.

Ақынның «Өткен күн» өлеңінде:

«Ұялып әзер шыққан күн,

Қызарып және батады.

Қараңғы түнек басқан түн,

Көңілді ойға тартады.

Тірлікке толы әр күнім,

Өтті ме, әлде, құр босқа?

Өткен күн жазған - бар жырым, 

Ашылған гүлім сыр – бақта.

Бітірген ісім қаншалық?

Көтерген жүгім ауыр ма?

Жыр – гүлім тұрса жайқалып,

Нәр алар жүрек – тамырдан.

 Өткен күн – тағдыр көп көрген.

Маржан сөз жырдан тергенім.

Жемісім – өмір өткерген,

Рухани байлық сенгенім.

Мейлі ол шықсын көңілден,

Болмасын мейлі күткендей.

Сезінбен қысқа өмірден,

Бір күнім бекер өткендей» – дейді.

Енді, төрттаған шумақтарын оқып көрелік:

«Міндетсіп берген тағамнан,

Құрметпен берген ас артық.

Ақылсыз егде адамнан,

Саналы өскен жас артық»

Немесе:

Досына қолұшын бермегеннің,

Пайдасы елге тиер деймісің.

Игілік жолмен жүрмегеннің,

Өзгеге жаны күйер деймісің.

Ақынның поэзиясы жан-жақты  баллада, поэма, сонет, рубаий, монолог, диалог  түріндегі жанрларда туған жер, ел, Отан, достық, табиғат, махаббат, өмір, заман жайлы ой толғайды.

Кеш соңында Ж.Розахунов сөз сөйлеп, кітапханашыларға алғысын айтып, оқушыларға үлкен азамат болып, бақытты ғұмыр кешулерін тілеп, батасын берді. Өлеңдерін оқып, өмірі жайлы әңгімелеп берді.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ,

ардагер журналист

Оқылды 1574 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Өлеңмен өрілген өмір Өлеңмен өрілген өмір »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет