Дүйсенбі, 10 Тамыз 2020 10:09

Абай күні

Бүгін, 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны – Абай күні.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысымен 10 тамыз ресми түрде «Абай күні» болып жарияланды және мерекелер күнтізбесіне енгізілді.

Ұлттық немесе мемлекеттік мерекелер тізімінде тұрмағандықтан бұл күн демалыс берілмейді. Десе де, қазақтың қамын жеп, бүгіні мен болашағына жетер мол мұра қалдырған ұлы тұлғамызды ұлықтап, жақыннан тани түсуге бұл күннің тигізер пайдасы мол екені анық.

Абайын таныған, Абайдың шығармашылығымен сусындап өскен ұрпақтың атар таңы әрдайым ақ екені тағы анық. Ендеше, барымызды бағалай білейік!

 

Абайдың суреті

(Жамбыл Жабаев)

Мынау тұрған Абайдың суреті ме? —
Өлең — сөздің ұқсаған құдретіне,
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне!
Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,
Соңғыларға қалдырған үлгі-нұсқа,
Арғын, Найман сөзіне таңырқаған —
Қандай арман бар дейсің бұл туыста!
Терең ойдың түрінде теңізі бар,
Тесіле көп қарасаң көңіл ұғар.
Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей,
Есіл сабаз ызамен өткен шығар!..

Оқылды 1244 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Абай күні Абайдың бірінші қара сөзі »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет