Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 09:05

Төрт әйел туралы тәмсіл

Баяғыда төрт әйелі бар сұлтан өмір сүріпті. Әйелдерінің бәрі де бірінен-бірі өткен сұлу, ақылды болыпты. Десе де, сұлтан  ең мейірімді, ең жас, төртінші әйелін бәрінен де қатты жақсы көріпті. Сондықтан оған әрдайым қымбат көйлек кигізіп, баға жетпес әшекейлер сыйлап, көңілін таба біліпті.

 Сұлтан жер бетіндегі ең сұлу әйел – үшінші әйеліне де ессіз ғашық болыпты. Ол өзге елдерге сапарға шыққанда үшінші әйелінің әдемілігіне ел тамсансын деп, әрдайым оны жанына ертіп жүріпті. Десе де, «Сұлу әйелім күндердің бір күнінде менен кетіп қала ма?» деген ойдан қатты қорқыпты.

 Ақылы мен қулығы асқан сұлу – екінші әйелін де сұлтан құлай сүйіпті. Өйткені ол сондай ақылды, тартымды, әрі сабырлы екен. Сұлтан алдынан кесе көлденең шыққан кез келген мәселе бойынша екінші әйеліне ақыл сұрап, жүгінеді екен. Әйелі болса, барлық қиындықтан шығар жолды дұрыс көрсетіп, бар мәселенің шешімін тауып беріп отырыпты.

 Ал бірінші әйелі – өзгелерінің ішіндегі жасы ең үлкені. Ол сұлтанға ағасынан қалған мұра сияқты еді. Сұлтанға өте адал болыпты. Сондай-ақ сұлтанның байлығы мен мансабы артып, ел арасында танымал болуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасапты. Алайда сұлтанның оған ешқандай да сезімі болмапты. Бірінші әйелі сұлтанды қатты сүйсе де, ол оған мүлде назарын аудармаған екен...

 Күндердің бір күнінде сұлтан қатты науқастанып қалыпты. Ақырғы күнінің жақындап қалғанын сезген ол өткен өміріне көз жүгіртіп, қалай өмір сүргенін ойлады. «Қазір төрт әйелім бар. Ал о дүниеде жападан жалғыз қаламын ғой» деп ойлаған сұлтан бірден төртінші әйелін шақырып:

 — Сен әркез менің ең сүйіктім болдың. Саған мен ең жақсымды беріп, әрдайым қамқор болдым. Қазір, өлім аузында жатқанымда сен де менің жанымнан табылып, қараңғылық патшалығына менімен бірге аттануға дайынсың ба? – деп сұрапты.

 — Бұл жайында тіпті армандама! – деп дүрсе қойған жас келіншек басқа ештеңе айтпастан, өз жөнімен кетіпті. Сүйіктісінің бұл сөздері науқастанып жатқан сұлтанның жүрегін одан ары ауыртыпты. Ашуланған сұлтан үшінші әйелін шақыртыпты. Сұлтан:

 — Өмір бойы мен сені ғана мақтан тұтып, сұлулығыңа тамсанып өттім. Қазір, өлім аузында жатқанымда сен де менің жанымнан табылып, қараңғылық патшалығына менімен бірге аттануға дайынсың ба? – деп сұрапты.

 — Әрине, жоқ! – деп жауап қайтқан сұлуы: Менің өмірім жалғасуда. Мүмкін, мен тағы тұрмысқа шығармын, – деген екен. Сұлу келіншегінен мұндай жауап естіген сұлтанның халі одан ары нашарлай түсіпті. Сонда ол екінші әйелін шақыртыпты.

 — Қиналған шағымда сенен әркез ақыл сұрадым. Сен менің ақылшым әрі ең мықты көмекшім болдың. Қазір, өлім аузында жатқанымда сен менің жанымнан табылып, қараңғылық патшалығына менімен бірге аттануға дайынсың ба? – деп сұрапты сұлтан.

 — Өкінішті, бірақ бұл жолы мен сенің жаныңда көмекшің бола алмаймын. Бар болғаны, сені бар жол-жоралғымен жерлеуге уәде бере аламын, – деген екен екінші әйелі. Сұлтан өмірден түңіліп, бәрінен көңілі әбден қалыпты. Сұлтан сол уақытта:

 — Мен сенімен қайда болса да, баруға дайынмын және әркез жаныңда боламын! – деген дауысты естиді. Басын көтеріп қараса, алдында бірінші әйелі тұр екен. Күйеуінің науқастанып, ауыр халде жатқанын уайымдаған әйел әбден азып-тозып кеткен екен. Таңғалған сұлтан:

 — Бойымда жаным барда басқаларға емес, саған көбірек көңіл бөлуім керек екенін енді ғана түсіндім! – депті.

Біздің барлығымызда төрт әйел бар. Төртіншісі – денеміз. Қанша жерден әдемі, жақсы көрінгіміз келгенімен, оның еш пайдасы жоқ. Өйткені ол сымбат бізбен бірге о дүниеге бармайды.

Үшінші әйел – қызмет, мансап және ақша. Біздің өмірімізден кейін олардың барлығы басқаларға қалады.

Екінші әйел – отбасы мен жақындарымыз. Олар өмір бойы бізге көмектесіп, қамқоршы болады, бірақ біз о дүниелік болғанда жақындарымыз бізді бейітке дейін ғана шығарып салады.

Ал соңғысы, яғни бірінші әйел – біздің жанымыз. Байлық, бақыт, ақша, мансап, рақатқа бөлену жолында жанымыздың жайын ұмытып, бәріне де барамыз.  Осыған қарамастан, тек жанымыз ғана әрдайым бізбен бірге болады. Сондықтан оны әркез бірінші орынға қойып, қорғап жүруді ұмытпаңыздар. Бұл өмірде бізге берілген ең үлкен сый – жанымыз. Оған көңіл бөліп, қамқор болайық.

Аударған: Құралай Мұратқызы

Оқылды 1937 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Хантәңір мұзбалағы Төрт әйел туралы тәмсіл »

Соңғы жаңалықтар

Мам 14, 2025

Алматы облысында шетелдік…

Алматы облысының Талғар ауданында еліміздегі ең ауқымды индустриялық жобалардың бірі —…
Мам 14, 2025

ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен…

Соңғы жылдардағы ірі төтенше жағдайлар азаматтық қоғамның, атап айтқанда, еріктілер мен…
Мам 14, 2025

Добровольцы и волонтёры в системе МЧС

Крупные чрезвычайные ситуации последних лет показали, что участие гражданского общества,…
Мам 14, 2025

Жер қойнауын пайдаланатын…

Жер қойнауын пайдалану – Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі. Бұл салаға…
Мам 14, 2025

Шыны жуғыш сұықтықты таңдау бойынша…

Шыны жуғыш сұйықтықты таңдау күнделікті тұрмыста маңызды рөл атқарады, себебі дұрыс…
Мам 12, 2025

Казахстанцам предложили получить по…

С 21 мая 2025 года начинается прием заявок по 1-му потоку на получение грантов для…
Мам 12, 2025

Вопросы социально-экономического…

Предварительные итоги социально-экономического развития страны за январь–апрель 2025 года…
Мам 12, 2025

МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА…

Бүгін, 12 мамыр, Қазақстанда және бүкіл әлемде Халықаралық мейіргер күні – 141 елдің…
Мам 09, 2025

«Ұлы дала жорығы» Тарих пен…

Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық «Ұлы дала жорығы»…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет