Бейсенбі, 16 Сәуір 2020 13:26

Абай – қазақтың бойтұмары

Абайды бас ақын деп бағалаған,

Терең деп теңіздейін саралаған.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсын да,

Әдебиет жұлдызы деп тағалаған.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Айта білген ақиқат салмақтысын.

Халқына бере білді өз әлемін,

Арнаған мұрат, мұра, ақындығын.

Қым-қуыт тұрмыс пенен тіршілікте,

Ел жанына әр сөзі жақын бүгін.

Тәңірінің берген тума талантымен,

Су сепкендей қарлығаш қанатымен.

Адамзатты ақылмен нәрлендіріп,

Тамсандырған сан қырлы қабатымен.

Әлемдік әдебиетте орны бөлек,

Қадірі мен қасиеті елден ерек.

Абайды қара өлеңнің тәңірі деп,

Ақындар мен шешендер ойды тербеп.

Танылған ұлттық болмыс үлгісі боп,

Қоғамның жан ашыры үрдісі боп.

Еуропа әдебиетінің жауһарымен

Сусындаған әуел баста бір кісі боп.

Орыстың зиялыларын танып,біліп,

Көкірегіне жақсысын келген түйіп.

Өз ұлтының кемшілігін қатты сынап,

Олардың қылығына жүрді күйіп.

Рухани өресіне баға беріп,

Дін танушы,философтар дара көріп.

Әлемдік деңгейдегі тұжырымына,

Назар аударды  ерекше көңіл бөліп.

Бір ғасырдан астам бұрын қазағын

Жаңғыртуға алға қойды талабын.

Жаңа өмірге бейім бол деп шақырып.

Ұлылықпен берді жаңа сабағын.

Адамға нұрлы ақыл мен ыстық қайрат,

Жылы жүректі жадында жүрсін байлап.

Үш ұғымға бірлікте қарастырса,

Ұлт құндылығы мәресінде тұрар қайнап.

Қабырғалы ел болуды танытқан,

Абай арқылы болмысымызға қаныққан.

Қанаттанып қара сөзі, өлеңін,

Ақыл-ойын, жүрегі бар жан ұққан.

Абайды оқы, жетем десең мұратқа,

Өз ісіңе жауап та бер тұрақта.

Бес асыл іс жүзеге сен асырып,

Бес дұшпаннан аулақ жүргін, жырақта.

Деп білеміз, Абай қазақтың бойтұмары.

Жүрегіңе сақтай біл,түпкірі боп тұрағы.

Өзгені қор санама, өзіңді мақтан қылып,

Деп тілеген өзіңді зор санамай бол қырағы.

Өз ұлтын төрлетуді мақсат еткен,

Ұлы Абайды алты алашқа мақтан етем.

Ұлт киесі, бойынан табылады бар қасиет,

Ұрпағымыз Абайды, десе екен, жаттап өсем.

 

Емелхан ҚАЙЫПОВА,

 Батыр Ана

 

*****

Ұлылығын мойындатқан әлемге

 

Абай десе Абайсың,

Абайладың жан-жақты.

Риза еттің, жарайсың,

Қалың елің қазақты.

М.Әуезов.

 

Ой-қиялға сыймайтұғын дара шың,

Кемеңгерім – ғұламасың, данасың.

Ақыл түйген, жырды сүйген ұрпақтың,

Болашаққа көшін бастап барасың.

Әрбір сөзің жіпке тізген маржандай,

Оқу қиын тебіренбей таңданбай.

Жырларыңыз кәусар бұлақ суындай,

Оқығанның жан сусыны қанғандай.

Адалдықтың ала жібін үзбеген,

Әр сөзіңнен ақыл табар іздеген.

Жер әлемге таныттыңыз қазақты,

Ал қазақтың бағы жанды сізбенен.

Ой толғаған ұрпақ үшін, елі үші,

Оқи берсін кеңиді ойың өрісің.

Жомарт тәңәр елден артық жаратқан,

Даналықтың таусылмайтын кенісің.

Имандық берген тағлым-тәлімді,

Көктен түскен дейді Құран –Кәрімді.

Араб тілін бәрі бірдей ұғынбас,

Ал қазақтың алды сізден бәрі үлгі.

Ұлыларсыз тіршілікте  барма мән,

Қырын олар ой көгінде самғаған.

«Абай жолын» жазу үшін толғанып,

Ұлы Мұқаң  жарты өмірін арнаған.

Сөз жақұтын тере білген саралай,

Қараңғыға түрен салған  данам-ай.

Берген тәңір байлық, билік, ақылды,

Қайғы-мұңды берген бірге аямай.

Өз қайғыңды қара нардай көтердің,

Ал парызың елге деген өтелді.

Тәуелсіз ел, тәрбиелі ұрпағың,

Есіміңді асқақтатты, көтерді.

Ұлы баба дана десе, данасың,

Айтқан сөзің бәрі өнеге, бәрі асыл.

Ұрпағың мен мәңгі бірге жасайсың,

Қазағыңа Абай болып қаласың.

Алты Алашы ауызына қараған,

Дейді халқы: «Дана туар данадан».

Қасиетті ұл сыйлаған қазаққа,

Айналайын ақ ниетті анадан.

Атты баба армандаған азат таң,

Құтылды елің қасіреттен, азаптан.

Ұлылығын мойындатқан әлемге,

Айналайын сізді берген қазақтан.

 

Айтан АБИЛЖАНОВ,

Н.Островский орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Бәйдібек би ауылы

Оқылды 1263 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Абай – қазақтың бойтұмары САРҒАЙҒАН СОЛДАТ ХАТТАРЫ »

Соңғы жаңалықтар

Маус 09, 2025

Посевная-2025: завершение в…

Посевная кампания-2025 в Казахстане завершена. В этом году она проходила в новых для…
Маус 09, 2025

Егіс науқаны – 2025: науқанның…

Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар…
Маус 09, 2025

Экологиялық ахуал басты назарда

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күні қарсаңында Алматы…
Маус 09, 2025

Алматы облысында қаржы пирамидаларын…

Алматы облысында азаматтарды алдауға бағытталған қаржы пирамидаларына қарсы кешенді…
Маус 09, 2025

Алматы облысындағы табиғи…

2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында Алматы…
Маус 09, 2025

2025 жыл Құрбан айт: уақыты,…

Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін аса маңызды рухани мереке. Бұл күндер мейірімділік пен…
Маус 09, 2025

Алматы облысында волонтерлік…

Алматы облысында волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Бұл…
Маус 05, 2025

Демалыс базалары мен орындарын ашуға…

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен…
Маус 05, 2025

Жануардың тістеуінен жарақат алған…

Қандай да бір жануардың (үй жануары, жабайы жануар, ауылшаруашылық малдар, кеміргіштер…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет