Бейсенбі, 11 Маусым 2020 11:58

Алтын жүзік оқиғасы

Сонау бір жаусоқты заманда туған топырағынан босқан ел дінсіз қауымның қолтығына барып паналайды. Олар қорғансыз елге өктемдік жасап, реті келсе дүние-мүлкін талайды.

Ауған ел бұл өлке баянды тұрақ болмайтынын сезіп, басқа жаққа қоныс аударуды ойлас­тырады. Бірақ ат-көлік жоқ, қол қысқа, жолай шөл даланы кесіп өту үшін азық-түлік, мол су қоры керек... Бұлар қиналып, не істерін білмей тарыққан кезде, кәрі ата-анасы бар айдай сұлу қыз айтады:

– Қадірлі халқым, сіздер мы­надай надан елде қалып қой­саңыздар түбінде ұрпақ азады, бәріміз дінсізге айналамыз. Мен сіздерді құтқарғым келеді. Осы елдің басшысы маған сөз са­лып, өзіне әйел болуымды қ­алай­тынын айтты. Мен сол адам­ға әйелдікке барам, оның ақы­сына патша сіздерге ат-көлік және шөлден өтуге жететін азық-сусын береді. Соны алып, сіздер мұсылмандарға же­тіп алы­ңыздар. Мен өз қауымы­м­ның діні үшін осылай етуге мәж­бүрмін, – деп жылайды.

Елдің ақсақалдары ақыл­дасып қыздың уәжін құп көріп, барлығы оған ақ батасын береді. Халықтың батасын алған қыз патшаға адам жіберіп, өзінің келіскенін және шартын айтады. Патша мақұл көреді. Осылай дана қыздың арқасында ауған ел діттеген жеріне жетіп, жау-жардан құтылады.

Ал дінсіз патшаға әйел бол­ған қыз күйеуінің айтқанын бұл­жытпай орындап жүре береді. Қанша қиналып бейнет шексе де құлшылығын тас­тамайды. Көрген қиындықты тәңірдің сынағы деп қабылдап, «сынақтан кейін оның сыйлығы боларына» үміт етеді.

Елгезек әйелге риза болған күйеуі оған есімі жазылған алтын жүзік сыйлайды. Қыз бұл сыйлықты шағын қобдишаға салып, сандыққа тығып қояды. Арада айлар өтеді. Патшаны шайтан түртеді. Әйелі жоқта сан­дықты ашып қобдишадан жүзік­ті алады. Оны жоғалтып «кім­ге бердің?» деп әйелін қина­маққа бекиді. Сөйтіп жүзікті қыстақтың қасында ағып жатқан үлкен өзенге лақтырып жібереді.

Оқиғадан бейхабар әйел ертеңінде су алу үшін өзенге барады. Ауылдың балықшылары ау салып, көп балық ұстаған екен. Олар әдепті әйелге екі ба­лық береді. Әйел үйге келген соң балықтардың ішін жарып тазалайды. О, құдірет, бір балықтың ішінен алтын жүзік шыға келеді. Анықтап қараса, өзіне күйеуі сыйға берген жүзік екен. Жүгіріп барып сандықты ашса қобдиша бос тұр. Әйел «бұл істе де бір ғибрат бар шығар» деп жүзікті орнына салып қойып, ешкімге айтпай жүре береді.

Бір күні күйеуі шақырады. Барса қабағынан қар жауып, ашуланып отыр екен. Бірден:

– Саған сыйға берген алтын жүзік қайда? – дейді. Әйел:

– Сандықта сақтаулы тұр.

Патша үйдегі сандықты са­райға алғызып, көптің көзін­ше: – Сандықты ашып жүзік­ті алып шық! – деп әйелге бұйы­рады. Әйел «бисмиласын» айтып сандықты ашады, ішінен қоб­дишаны алып шығып кү­йеуіне «міне, тақсыр» деп жүзік­ті көр­сетеді. Патша да жүзікті та­ни­ды, дәл өзі. Бұл қалай бол­ғаны, өз қо­лы­мен өзенге тас­таған еді ғой…

Бұл істе үлкен ғибрат барын аңғарған патша әйеліне шын­дықты айтады және жүзікті қалай тауып алғанын сұрайды. Әйел де ештеңе жасырмай, бол­ған оқиғаны баяндайды.

Тәңірдің өзі сүйген құлын қалай қорғайтынын ұғынған пат­ша әйелге, «сен тура жолда екенсің мен сенің дініңді қабыл­даймын, үйрет!» дейді. Әйел тағдырына мың рет шүкірлік айтып, күйеуіне өз дінін үйретеді. Патшасы мұсылман болған ел ақыры бәрі мұсылман болып тынады. Осылай бір тақуа әйелдің арқасында бір тайпа ел еш зорлықсыз ақиқат жолын тапқан екен.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

Оқылды 919 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Көк қаламның иесі Алтын жүзік оқиғасы »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет