Сейсенбі, 28 Маусым 2022 09:03

Елге керек ақпараттың көзіміз, Жаңалықтың жаршысы, әлеуметтің сөзіміз

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің Анель, Аружан есімді үшінші курс студенттері «Еңбекшіқазақ» газеті және mezet.kz желілік басылымында өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Тәжірибе мерзімі БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен сәйкес келгендіктен редакция болашақ журналистерден газет қызметкерлеріне жедел сұхбат (блиц-итервью) дайындауды ұсынған еді.

Бас редактор Хайролла АХМЕТЖАНОВ:

– Басылымның бас редакторы болудың басты қиындығы неде?

Жауапкершілікте. Газеттің кезекті санының соңында тұрады бас редактордың аты-жөні. Яғни бірінші беттегі жедел ақпараттар, ресми жарияланымдар мен фотосуреттерден бастап мақала-репортаждар, тарихи-танымдық мақалалар мазмұны мен дереккөздер үшін де газет басшысы жауап береді. Мысалға, бірнеше рет газет қызметкерлерінің қателігі үшін жазықсыз сыналған, немесе деректер жаңсақтығынан «жәбірленген» мақала кейіпкерінен кешірім сұраған кезім де болды. Әрине, қателескен мақала авторы да редакция басшылығынан өз «үлесін» алуы заңды. Орынды сыналған ұжым, мекеме басшылары да «қарымта» қайыру үшін газетті сотқа берген жағдайлар да болды. Жеңіле қоймадық, абыройға қарай.

Бүгінгі күннің қиындығы – баспасөз, яғни газет-журналдар оқырманының мүлде азайып кетуі. Мәселе тек қана интернет-ғаламтордың дамып, ақпарат кеңістігінің кеңеюінде ғана емес. Гаджеттердің көбеюінде, қажетті деректерді көп қиналмай табуда ғана емес. Кітапқұмарлардың азаюында, газет-журнал оқырмандарының сиреуінде дер едім.

– Жұмыстан бос уақытта немен айналысасыз?

Жұмыстан бос уақытта да жұмыспен айналысамын. Қазірге дейін газет-журнал жаздырып алып, жұмыстан бос уақытта оқимын. Бұл да – жұмыс. Оған ғаламтор аумағы қосылды. Бірақ жұмыстан бос уақытта тұрағымның жанында өзім отырғызған шағын бақтың күтімімен айналысамын. Шынымды айтсам, бұл хобби – пайдалы қарекет. Пайдасы сол – базардың сапасы күмәнді көкөністерінен гөрі өзің өсірген қияр-қызанағыңды дастарханға жайып тастап, немерелеріңе жеміс-жидек, таңқурай ұсына алғанға не жетсін?!

– Жас журналистерге айтар ақылыңыз?

Ақылым: менің жастық шағымда «Ленин айтқан» деп жаңсақ жарнамаланған, түп негізі Құранда жазылған «Оқы, оқы және оқы!» деген, ұлағатты сөз дейсіз бе терең философиялық мәні бар афоризм.

 

Сардарбек НҰРАДИН, бас редактордың орынбасары:

– Журналистік жолыңыздағы алғашқы сұхбатыңыз есіңізде ме?

– Иә, мен журналистік яғни қызметтік жолымды университет қабырғасында жүріп бастадым. 2 курсты бітірген соң "Еңбекшіқазақ" газетінде өндірістік тәжірибеден өтіп, редактордың ұсынысымен оқу мен тәжірибені қатар алып жүруді ұйғарып, жұмысқа орналастым. Әрине, басында бәрі қиын болды. Десек те, газеттегі аға-әпкелердің қолдауымен оны да еңсердік.

"Еңбекшіқазақ" газетіне келгендегі алғашқы сұхбатым әлі күнге есімде. Тілшілер әр округке барып, сол өңірдің тыныс-тіршілігі жайлы бір беттік мақала жазатын.

Бұл бағыттағы менің алғашқы сапарым. Алғашқы ауқымды мақалам. Қырбалтабай ауылдық округіне барып, сол кездегі әкім Серік Бейсенқұловпен округті аралап, кабинетінде сұхбат жасау керек болды. Алдын ала дайындалсам да сұрақтарды ұмытып қаламын, қайталап қоямын деген үрей болды. Сөйтіп респондетімнің не айтқанына да көңіл бөлмеген, іштей келесі сұрақты қайталап, соған дайындалып отырдым. Жұмысқа келіп, диктофондағы жазбаны тыңдап, менің әкімге қойған сауалым бір басқа, ол кісі мүлдем басқа дүниені айтып кеткен, әйтеуір Қырбалтабай ауылдық округі жайлы мақаланы 4 күн отырып жазып шыққаным әлі есімде.

– Журналистерді қызметке аларда қойылатын негізгі талаптар қандай?

– Меніңше, кез-келген маманды жұмысқа қабылдағанда, ең бірінші оның біліміне назар аударылады. Сол секілді журналистерге де осындай жоғары талап қойылады. Айталық, агрономды жұмысқа қабылдағанда оның осы саланы толық меңгергеніне баса назар аударады. Журналистер ше? Журналистер қауымы жан-жақты болуы тиіс. Қоғамда түрлі салада болып жатқан оқиғаларды саралап, түрлі сала өкілдерімен сұхбат жүргізіп, соны өзінің аудиториясына жеткізуі тиіс. Екінші – жауапкершілік. Әр журналист өзінің жазған мақаласына, дайындаған материалына үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сонда ғана төртінші билік иелері халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналады.

 

Игорь ТУРАНИН, корреспондент газеты «Еңбекшіқазақ»:

– Ваш путь в журналистику? Чем нравится выбранная профессия?

– «Подтолкнула» любовь к литературе, чтению. В школьном возрасте решил что-то сочинять сам. Но…хотелось, чтобы «меня читали». Однако, писать рассказы или стихи, тем более публиковать, не так просто… А статьи –  пожалуйста. Эта житейская логика и вывела на путь журналистики. В 13-летнем возрасте пришел с первыми заметками в районную газету «Еңбек жалыны – Пламя труда», в таинственный, как тогда казалось, мир работников прессы.

И с тех пор, ни дня без строчки. После журфака КазГУ строчу эти строчки без паузы свыше тридцати лет, но до сих пор получаю удовольствие, видя на страницах  газеты плоды своего творчества.

– Какие темы Вам наиболее близки?

– Для прессы важнее всего актуальность, а что в нашем регионе актуальней экономики агропромышленного комплекса и повседневных вопросов жизни сельчан, включая быт, культуру, образование? В принципе, любая публикация на любую тему в районной газете так или иначе связана с освещением развития сельской местности. Журналистика – прежде всего люди и время, с которыми ты «идешь в ногу», преодолевая проблемы, разделяя с ними успехи и заботы…

– В чем негативная сторона журналистики?

– Бывает грустно ощущать себя зрителем на чужих праздниках.

– Кого из журналистов Вы считаете для себя «образцом для подражания?»

– Между журналистикой, какой она была лет сорок тому назад и в современный период, на мой взгляд, огромная разница. В университете мы изучали журмастерство, делая акцент на творческой индивидуальности известных тогда журналистов советского периода. В наше время СМИ трансформируются в масс-медиа, у которых превалирует чисто функциональная задача  – довести до аудитории ин-формационные сообщения. Классическая, «именная» журналистика-публицистика вместе с «бумажными» газетами, авторскими телепередачами постепенно уходит в прошлое. К сожалению, вместе с ней из СМИ безвозвратно уходят культура письменной и устной речи, аналитическое отношение к событиям. Пресса перестает быть воспитателем эстетических вкусов, морали, не часто предлагает аргументированные политические, идеологические точки зрения. Словом, она уже не столько «пропагандист и агитатор», сколько глашатай-информатор. Основной «продукцией» массмедиа все больше становится мульти-информационный функционал. Профессиональная компетенция журналистов  ограничивается  передачей информации, в лучшем случае им отводится роль модераторов в телевизионных шоу. Глубокое отношение к освещению проблем лучше искать в статьях профессионалов, публикуемых в  специализированных изданиях. Массовыми «властителями дум», имеющими свое лицо,  живой подход к злободневной теме  все больше становятся не  СМИ, а блогеры. 

– Совет, который  Вы дали бы молодым журналистам?

–   Повышать уровень общей культуры и эрудиции,  развивать навыки самостоятельного мышления, не быть лишь «приемо-передающим» информационным устройством.

– Как Вы проводите свободное время?

– Чтение документальной литературы по истории Казахстана, Центральной Азии, России. Ничто лучше не формирует представление о событиях сегодняшнего дня, как знание исторических корней прошлого.

 

 

Оқылды 11873 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 25, 2024

2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға…

2024 жылғы су тасқыны елімізде соңғы 80 жылда орын алған ең ірі су тасқыны болды.…
Желт 25, 2024

Қазақстандық оқушылар халықаралық…

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 1816 оқушы 35 халықаралық олимпиада мен конкурстарға…
Желт 24, 2024

Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам…

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан…
Желт 23, 2024

Жемқорлықпен күресте қоғамның рөлі…

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белсенді түрде жүргізілуде. Бұл туралы…
Желт 23, 2024

«Таза Қазақстан» объединила миллионы…

По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева с апреля текущего года была…
Желт 23, 2024

Қазақстанда «Халықтың экологиялық…

Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экологиялық сананы ұзақмерзімді…
Желт 19, 2024

Итоги года: Ключевые достижения и…

Энергетический сектор Казахстана является одной из ключевых отраслей экономики. В…
Желт 19, 2024

Жыл қорытындысы: Еліміздің…

Еліміздің энергетикалық секторы экономиканың негізгі салаларының бірі саналады. Орнықты…
Желт 19, 2024

О мерах по либерализации экономики

12 ноября 2024 года, во исполнение Указа Главы государства от 8 мая 2024 года № 542 «О…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет