Жұма, 14 Тамыз 2020 15:02

Компот қайната аласыз ба?

Компот – әмбебап сусын. Оны салқын, жылы күйінде де ішуге, қысқа сақтауға да, десерт ретінде де пайдалануға болады. Еуропалық дәстүр компотқа біз секілді жай ғана сусын ретінде қарамайды, олар үшін компот – тамақтан кейін міндетті түрде берілетін жеміс қайнатпасы екен.

Компоттың да бірнеше түрі бар. Мәселен, ингредиенттер бойынша: жаңа піскен жемістен жасалатын, құрғақ жемістерден және тоңазытылған жемістерден әзірленетін компоттар болып бөлінеді. Бұл тізімді ассорти-компоттар, консервіленген компоттар, қайнатылған және қайнатылмаған компоттар толықтырады.

Ингредиенттер
Су. Компот үшін краннан немесе бұлақтан алынған емес, сапасы жақсы судың таңдаңыз. Құрғақ және тоңазытылған жемістерді суық суға салыңыз: оларға ісіп-кебіну, жібу үшін уақыт керек. Ал жаңа піскен жеміс-жидектер үшін ыстық қайанған суды таңдаңыз: жемістерден шырын мен дәрумендер алу үшін өте жоғары температура керек болады.

Қант. Компот үшін ақ, қызыл қоңыр, жемісті немесе құрақ қант жарайды. Дегенмен, қантыңызға байланысты компоттың да дәмі өзгереді. Қантпен бірге бал қоссаңыз, хош иісті, пайдалы болып шыға келеді (балды қайнаған суға қосуға болмайды). Әрине, сусынның дәмді болғаны жақсы, бірақ, ол үшін қантты көп қосып жүрмеңіз. Жақсы дәмге қол жеткізу үшін ескі тосаптың, қант сиропының қалдықтарын пайдаланыңыз. Компот қайнатуда орташа есеппен әрбір литр үшін 150 грамм қант қажет. Қанттың мөлшерін жеміс-жидектің қышқылдығына байланысты өзгертуге болады.

Жеміс-жидектер. Компотқа қолжетімді келетін кез келген жеміс-жидек жарай береді, олардың жаңа, кептірілген, тоңазытылған болуы мүмкін. Бірақ, жеміс-жидектерді езуге болмайды. Компоттың мақсаты – жемістерді бүтін күйінде сақтау болып табылады (үлкен жемістерді кесіп салыңыз). Компот үшін тым тәтті жемістер алынса, оны қышқылдату үшін лимон мен мүкжидек көмектесе алады.

 Сізге оғаш көрінегімен, компотты асқабақ, рауғаш, сәбіз, кәді сынды көкөністерде де қайнатуға болады. Оның түсі әсерлі болу үшін қызылша қосылады. Тіл үйірер дәм мен хош иісті алу үшін қызыл шарапты, жеміс шырындарын, корица, зімбір, жалбыз, мелисса, қалампыр, хош иісті бұрыш, жұпар жаңғақты қосуға болады. Бұлардың қатарына лимон қабығының үгіндісі мен раушан күлтелері, бір шымшым тұз артықтық етпейді. Бұл дәмдеуіштерді дайын болуға 5-10 минут қалғанда қосыңыз.
 

Компот қайнатудың қағидалары

  • Компотты жәй отқа аздаған уақыт қайнатып болған соң, отты өшіріп, бірнеше сағат бұқтырып қою керек. Осы қағиданы орындаған жағдайда жеміс бойындағы дәрумендер мен басқа да пайдалы заттарды сақтап қалуға болады.
  • Компотқа арналған жемістерді бірдей етіп кесіңіз, қайнатқан кезде біркелкі жібиді.
  • Жемістерді қайнап жатқан суға саларда лимон қышқылын қоссаңыз, дәрумендер жақсы сақталады.
  • Компотты қайнату уақыты әртүрлі: алма мен алмұрт үшін 35-40 минут, қалған жемістерге 15 минут жеткілікті.
  • Компотты дайындаудың тағы бір жолы: дайындалған жеміс-жидектерге қант сеуіп, қайнап тұрған суды құясыз да, 10-12 сағат бұқтырып қоясыз.
  • Компот дайындауға болмайтын жемістер: құрма, анар, айва және банан.
  • Компотты 2-14 °С температурадағы тоңазытқышта сақтаған дұрыс. Мұздатқышта қатырып бір айға дейін сақтауға болады.

Дереккөз: anabol.kz

Оқылды 36891 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: ҚАЗАҚША ЕТ ТАБАҚ ТАРТУ ЖОЛЫ »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет