Иә, бұл баспалдақ Ұлт Жоспарындағы бірінші кезекте тұрған мәселе. Яки, мемлекеттік қызметкерлердің дені кәсіби біліктілігі жоғары, адамгершілік, жаңашылдың тұрғысынан ойлау кеңістігі кең болуы тиіс. Бұл міндеттер межесінен шыға алғандар ғана ақ жаға киіп, еліне адал қызмет етпек. Себебі, еңбектеріне қарай төленетін ақылары да артады. Бұл турасында жақында ҚР Қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев ауданға келген іссапарында айтты. Сонымен қатар «Б» корпусы мен мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне арналған бұл сынақ басқа сынақтардан өзгеше әрі жауапты екенін жеткізді.…