...Москва. Жанкүйерге қала толы, Миллион көздер: қызыққа қарат оны. Бес мың жүйрік, желаяқ жолға шығып, Өтіп жатты мерейтой марафоны... ...Алпыс аға ұмтылды, сала жанды, Топтан озған тұлғасы дараланды. Еуропалық чемпион Мосеев пен Американ Роджері қала берді... ...Көкіректе қуаныш әні есіле, Тосқауыл сап өзгенің дәмесіне. Жетті осылай «бес мыңды» артқа тастап, Құлагері қазақтың мәресіне...