1 қыркүйек күні Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы орта мектепте салтанатты жиын өтті. Жиынға мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары, ауданның құрметті азаматтары қатысты. Жиын барысында алғашқы сөз сөйлеген мектеп директоры Тасирова Ұлболсын Рахымқызы биылғы оқу жылымен құттықтап, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ақ жол, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Мұхтар Калмаканбетов, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы Едіге Сапаев мерейлі күндегі салатанатты жиында қазақстандықтарды құттықтап, оқушыларға сәттілік тіледі. Осылайша Ұлы Отан соғысы ардагерінің атымен аталатын…