Атан өлсе – сойылар, Атам өлсе – қойылар. Жыл айналып бір келген, Қансонар қайдан табылар? Иә, бір жылда бір-ақ рет болатын қансонар бүркітшілер ғана емес, қазақ қауымы үшін маңызды күн. Қоян мен түлкіге құс салған саятшылардың өнерін тамашалаудың өзі бір ғанибет емес пе? Көк Туымызда бейнеленген қасиетті құс көкке көтеріліп, жерге қарай құлдилағанда тебіренбейтін қаракөз кемде-кем. Жақында осы бір керемет сәтті тамашалаудың сәті түсті. Сөгеті ауылдық округіне қарасты Шеңгелсу-Илантау жерінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс, аудан әкімдіктері мен «Қыран»…