Тұңғыш Президент күнін Көктөбе орта мектебі ерекше форматта атап өтті. Мереке қарсаңында мектеп оқушылары түрлі сала өкілдерімен кездесіп, көкейдегі сауалдарын қойды. Атап айтқанда, 6 «Б», 9 «Б» сынып ауыл ақсақалы Ағапаша Дулаевпен кездесіп, ақсақалдың өмірінен сыр шертті. Тағылымды әңгімелерін тыңдап, ақ батасын алды. 6 «А», «Ә» сыныптар «Дүмбірлеткен дала қызы» тақырыбында Раушан Мондия-ровамен жүздесу өткізді. ҚР Мәдениет қайраткері Балтабай Ыбырайұлы 5 «А» және «Ә» сынып оқушыларымен қазақтың ұлттық аспабы жайлы әңгіме өрбітті. Домбыраның құрылымы мен оның шығу тарихы айтылған отырыс…