Өмір қызылды-жасылды бояуларымен әркімді-ақ елік-тірері сөзсіз. Көзді байлап, желіктіреді. Көңілге түрлі ой іліктіреді. Ақыры бармақ шайнап өкіндіреді... Әсел (кейіпкер аты ойдан шығарылған) қала маңындағы ауылдың қарапайым отбасынан шыққан ортаншы қызы. Мектепте оқып жүргеннен-ақ түрлі ортада өзін көрсете білген еңбекқор әрі талапты болатын жастайынан. Мінезі жайдары, ашық-жарқын. Содан болар, айналасына көп адам үйірсек еді. Өзі де соған әбден үйренген, ортасының «жұлдызы» болып жарқырамаса, көңілі көншімейтін. Тең құрбысының алды болуға ұмтылып, жаралы жанын солай жұбатуға тырысатын. Себебі, үйіндегі келеңсіз жағдайлар, ата-анасының ұрыс-керісі,…