Жақсыны көрмекке, Керекті термекке, Өнерді, ғылымды Үлгі етіп бермекке. Кеңес заманында Мәс-кеуде ВДНХ деген болды. Всесоюзная выставка достижений народного хозяйства. Алматыда да Халықшаруашылығы же-тістіктерінің көрмесі болды. Әуезов, Тимирязев көшелерінің қиылысында. Менің ойымша ол көрмелерде қол жеткен жетістіктер дәріптелді, озат тәжірибе насихатталды. Ал ЭКСПО көрмесінің тарихын, мақсатын жазбай-ақ қояйын – жеткілікті көлемде ақпарат құралдары бұл тақырыптың мазмұнын ашудай-ақ ашты. Сонымен «ЭКСПО-2017» көрмесіне жол түсіп, тамыздың тамылжыған әдемі бір күні жүрдек «Тальгодан» түсе салып, ағайыннан бір шайды іше салып, сол туыстарды ертіп…