«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген нақылдың астарында терең мән жатыр. Бүгінде еңбек етемін, нәпақа табамын деген адамға жұмыстың түрі көп. Былайша айтқанда, екі қолға бір күрек табылады. Бұрынғыдай «Қолыңда бір жапырақ қағазың болмаса, еш жерге ілінбейсің» дейтіндей уайым жоқ. Әрине, ол өмірлік жолдаманың орны бөлек. Дегенмен, еңбек етемін деген адамға табыстың сан жолы бар. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары қаншама. Тынымсыз тірлік істесе болғаны. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еңбек адамның еңсесін…