Адамзат тарихында талай алапат апаттар мен қанды қырғындар, әлемді түнекке ораған тауқыметке толы дүрбелеңдер болса да адам баласы әлі күнге аман келеді. Оның басты сыры – адамның ақыл-ойы мен қайсарлығы, даналығы мен қажыр-қайраты ғана емес, кейбір қайырымды жандардың жүрегіндегі мейірімділік дәнегі. «Әлемді мейірімділік құтқарады» дейтін халық даналығы содан қалса керек. Бұл ғаламға мейірімділік, жомарттық, адалдық, тазалық дәнегі себілгеннен бастап, одан өніп шыққан бәйтеректі ешкім де құлата алмай келеді. Ал адамгершілік таныту тек жомарт адамдардың ғана қолындағы игі іс. Рухани байлықтан…