Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 12:05

Ардагерлерге сыйлық

«...Қариялар не деген керім еді, Бабалардың баласы қариялар, Сиреп бара жатқандай көрінеді». Арқалы ақындардың жырына арқау болған осынау қарттарымыз күн санап азайып бара жатқаны рас. Әсіресе, Отан үшін от кешкен майдангерлеріміздің саны ауданымыз бойынша саусақпен санарлық қана. Бүгінде көзі тірі 14-і ғана қалды. Ұлы жеңіс күніне орай осындай замана батырларына «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақтың жүрекжарды құттықтауларын жеткізді. Ел ағаларының құттықтаулары мен материалдық көмектерін «Нұр Отан» партиясы…
Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 12:02

Мың алғыс саған, майдангер!

Талай боздақты қыршынынан қиып, ананы баласынан, баланы асқар тау әкесінен айырған сұм соғыстағы жеңіске биыл 72 жыл. Сонау отты жылдары майданда етігімен су кешкен, елі үшін қан төккен батырларымыздың ерлігі еш ұмытылған емес. Қатары сиреп бара жатқан арамыздағы ардагерлерге 9 мамыр күні Есік қаласында құрмет көрсетілді. Қала орталығындағы Ұлы Отан соғысы боздақтарына, ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 12:00

«ТУҒАН ЖЕР»: Сөзбен емес, іспен

«Туған жерін сүйе алмаған, Сүйе алар ма туған елін». Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ауылым – әнім» атты әннің осы жолдарын ұтымды келтірген еді. Расында, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекеніне тәу етпеген жаннан жақсылық күту, әй қиын-ақ. Сондықтан Көшбасшымыздың осы идеясын әдеттегідей республикамызда аудан азаматтары алғаш боп қолдады. Сөзбен емес, іспен. Ащыбұлақтық «Амал БИО» Астана Фрутс компаниясының директоры Асқар Сабиров сол ауылдың орталық саябағын гүлдендіру жұмыстарын бастап кетті. Сонау тоқырау заманында тоз-тозы шыққан 1,2 гектар аумақ…
Бейсенбі, 27 Сәуір 2017 10:47

Тіл — сананың діңгегі

Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанда» жарияланған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын кейбір авторлар қанға сіңген әдетпен Жолдау деп атап жүрсе де бұл жолы Президенттің бағдарламалық кесек туындысын мақала түрінде берілуінің өзі оқырман қауымның, жалпы ел тұрғындарының ерекше назарын аударған тактикалық шебер тәсіл болғанын атау керек. Ресми құжаттардан гөрі жүректі жарып шыққан ой толғаулар, оқырман, тыңдарман, көрерменмен тең терезелі жағдайда пікірлесу, талқыға салу үшін ұсыныс жасау өзара сенімділікке бастайтыны да шындық. Елбасының рухани жаңғыру тақырыбына жазған мақаласын өз басым…
Бейсенбі, 27 Сәуір 2017 10:43

Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Осы дертпен күресу мақсатында елімізде көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Игі іс жақында ауданымызда жалғасын тапты. «Парасыз болашаққа бірге» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Есік өңірінде болып, жиындар өткізіп, тұрғындармен кездесті.
Бейсенбі, 27 Сәуір 2017 10:40

Адам болсаң, арлы бол

Қазақта «Ауру қалса да, әдет қалмайды» – деп өмірдің өзінен алған сөз бар. Ол қоғамның қасіретіне айналған, асқынған дерт – сыбайлас жемқорлық. Бұл қоғамдық дерт, әсіресе, нарықтық заманға бет бұрғалы қатты асқынып кетті. Нарықтық қатынаста қалайда, қандай жолмен болсада ақша табу деген түсінік сананы жаулап алғаны ақиқат. Дана халық мұндайда «Аштан өлсең де, тек азғындап абыройыңды төкпе!» – деп бекер айтпаса керек-ті. Өйткені адам әлденеге талпынып, мақсатына ұмтылып өмір кешеді. Ұлы ғұлама Әл-Фараби айтқандай, адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы…

Соңғы жаңалықтар

Там 18, 2025

Астанада тұңғыш қазақ тілді jukebox…

2025 жылдың 23 қазанында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында…
Там 18, 2025

Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы…

Ауыл шаруашылығы – еліміздің экономикасының маңызды тірегі. Агросаланың дамуы нақты әрі…
Там 14, 2025

Шағаман батырдың балалық шағы

Бисимилләһир-рахманир-рахим! Асы жайлауының сұлулығына тамсана, таңдана тамашалаған бала…
Там 14, 2025

Ер еңбегімен еленеді

Адал жолмен табыс табу – адамның беделін көтереді, абыройын асқақтатады. Ондай адам өз…
Там 14, 2025

Ислам ізгілікке үндейді

Қазіргі қоғамда рухани құндылықтардың орны ерекше. Адамзат дамуының барлық кезеңінде дін…
Там 14, 2025

Дистанция длиною в жизнь

Почетный деятель спорта РК, отличник народного просвещения, Почетный гражданин района:…
Там 14, 2025

Талабымен танылған талантты…

Талантты адам қай салада, қай істе де алда. Әрекетінде берекет, нәтиже бар. Жастайынан…
Там 14, 2025

Состоялось техническое совещание…

В Астану для участия в I чемпионате мира по қазақ күресі среди военнослужащих,…
Там 14, 2025

Кто представит Казахстан на…

В Астане в легкоатлетическом комплексе Qazaqstan открылся I чемпионат мира по қазақ…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет