Жақында Түрген, Көктөбе, Талдыбұлақ, Қаракемер ауылы жастарының ұйымдастыруымен Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірнеше елді-мекенді су басуына байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек беру мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша аудан тұрғындарының, оның ішінде өзге ұлт өкілдерінің зардап шеккендерге көмектесуге деген ынтасы мен ықыласы ерекше. Өздері елімізде короновирус індетінің таралуына байланысты карантин режимін сақтап, уақытша табыс табудан шектеліп отырса да қаржылай 200 теңгеден бастап, қомақты 100 000 теңгеге дейін және азық-түлік және киім-кешектерін арнайы белгіленген…