Сәрсенбі, 20 Мамыр 2020 09:23

Қайырымды жұрттың қаймағы бұзылмайды

Жақында Түрген, Көктөбе, Талдыбұлақ, Қаракемер ауылы жастарының ұйымдастыруымен Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірнеше елді-мекенді су басуына байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек беру мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша аудан тұрғындарының, оның ішінде өзге ұлт өкілдерінің зардап шеккендерге көмектесуге деген ынтасы мен ықыласы ерекше. Өздері елімізде короновирус індетінің таралуына байланысты карантин режимін сақтап, уақытша табыс табудан шектеліп отырса да қаржылай 200 теңгеден бастап, қомақты 100 000 теңгеге дейін және азық-түлік және киім-кешектерін арнайы белгіленген орынға тасыған. Жалпы жиналған жылудың көлемі 3 млн теңгеге жуық дейді Нұрғали Есімов. Сондай-ақ, халықтан жиналған жылуды зардап шеккен тұрғындарға жеткізу барысында арнайы жалданған көлік Алматы қаласындағы Алтын орда базарына тоқтаған. Ол жердегі саудагерлер су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру үшін аттанып бара жатқандарын біліп, киім-кешек, ақша және азық-түліктерін артып жіберген. Зардап шеккен тұрғындар қуана қарсы алып аудан тұрғындарына деген алғыстарын айтқан.

Жақында мұндай акция аудан жастарының, еріктілерінің ұйымдастыруымен Есік қаласында да орын алды. Байқоңыр азық-түлік дүкенінің алдына қойылған арнайы көлік іші азық-түлік, киім-кешек және қаржылай берілген көмекке және халықтың ақ пейіл, адал ниетіне толған. Жиналған жылудың көлемі 5 млн теңгеге жуық болған. Ұйымдастыруышлардың айтуынша көбіне азық-түліктен гөрі киім-кешек және гигиеналық құралдар алынған. Өйткені, азық-түліктер қазақ даласының түкпір-түкпірінен тасымалданып, киім-кешек, гигиеналық құралдар жетіспей қалған. Ерікті, иманды жастар, кәсіпкерлер, ауыл имамдары жұмыла ұйымдастырған сауапты іске – зардап шеккен тұрғындар дән риза. Амал істеу адамнан –  қайыры Алладан дейтін игі жақсыларға Жаратушымыз разы болғай.

Әділет САРЫБАЙ

 

***

Еліміз аты жаман індетпен әлек болып жүргенде, оңтүстіктегі Мақтаарал ауданын су басып, жүздеген адам далада қалды. Көрші Өзбекстаннан келген тілсіз жау бір сәтте үйлерді қиратып, егістіктің тас-талқанын шығарды. Онсыз да коронавирустан есеңгіреп отырған халықтың есін шығарды.

Мемлекеттен барлық жағдайлар қарастырылып, көмектер беріліп жатыр зардап шеккендерге. Сонымен қатар, еліміздің түпкір-түпкірінен Мақтааралға көмек ұйымдастырылып, тұрмысқа қажетті заттар жеткізілуде. Ауданымыздың тұрғындары да жерлестеріміздің қайғысына көз жұма қарамады. Талдыбұлақтық Телжан Разиев, Нұржан Мұхамеджанов, Алайбек Мемишев, Саят Ашиметов ауыл тұрғындарын ұйымдастырып, 200 мың теңгеден аса қаражат жинаған. Бұл ақшаға жылы киімдер, резеңке етіктер мен тұрмысқа қажетті заттар алынып, осы аптада жүк көлігі Мақтаарал ауданына жөнелтілді.

– Отандастарымыз қиын сәтте қалғанда, олардың жанынан табылып, қол ұшын созу – біздің азаматтық борышымыз. Ауылымыздың жігіттері осы жауапкершілікті сезініп, жұртшылықты ұйымдастырды. Су астында қалған ауыл жұртшылығына титтей де болса көмек берсем деген ниеттерін қолдаған талдыбұлақтықтар да барынша атсалысты – дейді ауыл тұрғыны Төлеген Иманбаев.

С.НҰРАДИН

Оқылды 2126 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 06, 2025

Координирующая роль в регионе во…

"Казахстан полностью поддерживает усилия по реформированию ООН", – заявил Токаев в ходе…
Там 06, 2025

"Уход от автократии и укрепление…

Корреспондент Zakon.kz побеседовал с заслуженным профессором государственного управления…
Там 06, 2025

«ООН переориентируется на потенциал…

Визит Генерального секретаря ООН Антониу Гутерриша в Казахстан и открытие по инициативе…
Там 06, 2025

Токаев инициировал большое дело –…

Султан Биманов Что означает открытие регионального офиса организации для стран…
Там 01, 2025

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы…

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында…
Там 01, 2025

В СЦК запущен Центр по борьбе с…

В структуре Службы центральных коммуникаций при Президенте Республики Казахстан начинает…
Шіл 31, 2025

Қадағалаусыз тәртіп орнамайды

2025 жылдың шілде айында Қырбалтабай ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі…
Шіл 31, 2025

Кассационные суды – доступ к…

Правовое регулирование защиты прав на судебную защиту в соответствии с Конституцией…
Шіл 31, 2025

Алматы облысында "JASYL EL" жастар…

2025 жылдың 1 тамыздан бастап Алматы облысы аумағында "JASYL EL" жастар еңбек…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет