Бейсенбі, 08 Ақпан 2024 11:02

Ұрпақ ұстанымы – сапалы білім, саналы тәрбие, қажырлы еңбек

«Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Иә, әлемнің екінші ұстазы әл-Фарабидің нақыл сөзі қай заманда болмасын өзектілігін жоғалтпақ емес. Сондықтан баланың бойына тәрбие мен білімді қатар сіңіріп, жастайынан еңбекке баулу аса маңызды. Өткен аптада осы мақсатта Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы орта мектеп базасында «Білім беру мекемелері жанынан органикалық тыңайтқыштарды өңдеуде оқу-тәжірибелік алаңдар ашудың педагогикалық мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Алматы облысы білім басқармасының, аудан әкімдігінің, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессорлары, педагогика және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары, Ұлттық құндылықтар академиясының академиктері, «Qazaverm» тұтынушылар кооперативі мен «QazAGO» ЖШС оқу орталығының өкілдері, білім мекемелерінің басшылары, кәсіпкерлер, ғалымдар мен ұстаздар қатысты. Жиынды Райымбек батыр атындағы орта мектептің директоры Салтанат Турикбаева жүргізді.

Конференцияны «Жас дарын» Алматы облыстық дарынды балалар мен талантты жас-тарды анықтау және қолдау ғылыми-практикалық орталығының «Педагогикалық шеберлік» бөлімінің басшысы Қымбат Сулейменова ашып, айтулы шараның өзектілігін атап көрсетіп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

 «Мектеп жанынан биогумус өндіруде оқу-тәжірибелік алаң ашудың болашағы» тақырыбында баяндама жасаған педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Бауыржан Сайдахметов ұлттық тәрбие жөнінде сөз қозғады.

– Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған үлкен міндет – ұлт болмысының қағидаттарын орнықтыру, ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Ол үшін балаларымызды ерте жастан еңбекке араластыруымыз қажет. Қазіргі уақытта оқушылар мектепте тек білім алуы керек деген қағидамен өмір сүріп жатырмыз. Ал оларды еңбек етуге үйрету тасада қалды. Жасыратыны жоқ, балаларымыз өздері отырған орындықтарын көтермейді. Оны істейтін мектепте техникалық қызметкерлер бар. Ал білім ордасынан тыс қоғамдық жұмыстар туралы мүлдем сөз қозғамай-ақ қояйық. Біз – аграрлы елміз. Еңбек – жетістікке жетудің басты алғышарты. Сондықтан, білім, тәрбие және еңбекті ұштастыра білуіміз қажет – дейді Бауыржан Сайдахметов. Сонымен қатар, органикалық тыңайтқыштардың артықшылықтарына тоқталып, елімізді табиғи таза өнімнің Отанына айналдыру үшін қазіргі жастарға органикалық тыңайтқыштардың қыр-сырын үйрету керектігін айтты.

Қоғам және ғылым қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық құндылықтар Академиясы-ның академигі Қажымұқан Арынов әлемдегі биогумус индустриясының дамуына тоқталды.

– Әлем елдері химиялық қоспасыз, табиғи таза өнімдерді тұтынғанды құп көреді. Бұл өз кезегінде органикалық тыңайтқыштарға деген сұраныстың артуына жол ашады. Еуропа елдері органикалық тыңайтқыштарды мемле-кеттік деңгейде өндіруді тоқтатып, оны өндіру үшін жекелеген кәсіпкерлерге жағдай жасауда. Тіпті, азаматтар өз ауласында тыңайтқыш жасап, саудалай алады. Біз де осындай мүмкіндіктерге жол ашуымыз қажет. Ол үшін бүгінгі жастарды алдымен еңбекке баулу қажет. Өркениетті елдерде балаларды білім мен еңбекке қатар баулиды. Бір ғана мысал, менің Францияда тұратын немерелерім оқудан тыс уақытта ешкі фермасына барып жұмыс жасайды. Оларға Сексеката тұқымын қалай баптау керектігін үйретіп, жем-шөбін әзірлетіп, қора тазалатады. Бұдан жаман болып жатқан француздарды көрмедім – дейді профессор.

Конференция барысында Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мұхит Бекбауов «Бактериалды тыңайтқыштарды пайдаланудың болашағы» тақырыбында, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Мұхамедрахим Құрсабаев «Биогумус индустриясын дамытудағы Business-Model технологиялары туралы ақпарат» тақырыбында, «Қазақстан Республикасысы Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Қазыбек Шайх «Ауыл балаларының soft skills дамуы» тақырыбында, «QazAGO» ЖШС оқу орталығының директоры Гүлзира Асамұратова «Органикалық қалдықтарды өңдеу арқылы вермикомпост өндіру оқыту курсын ұйымдастыру технологиясы» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, «Ecobook» экология-лық жобасы аясында биогумус өндіру арқылы оқушыларды кәсіптік білімге ерте жастан тәрбиелеу» тақырыбында баяндама жасаған О.Жандосов атын-дағы орта мектеп директоры  Айжан Джамешева мектеп оқушыларының жеткен жетістіктеріне тоқталды. Сабақтан тыс уақытта органикалық тыңайтқыш өндірумен айналысатын оқушылар бүгінде жобаларын сәтті жүзеге асыруда. Сондай-ақ, конференцияға қатысу-шылар балалардың бастамаларына қолдау білдіріп, мамандар көмек көрсететін болды. Жиын барасында Алмалы ауылындағы И.Шорманов атындағы орта мектеп оқушылары да тыңайтқыш өндірумен айланысатынын ұстаздары мақтанышпен жеткізді.

Жарыссөзге шыққан Абай атындағы ҚазҰПУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық құндылықтар академиясының академигі Берікжан Әлмұхамбетов балаларды ерте жастан еңбекке баулуды қолдайтынын жеткізіп, топыраққа тыңайтқыш, адамға тың айтқыш қажет екенін айтты. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ермек Жакеев, ардагер ұстаз, қоғам қайраткері. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы  Алматы облысы Аналар кеңесінің төрағасы, ҚР Білім беру ісінің үздігі Гүлнар Жошыбаева, Еңбекшіқазақ аудандық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Айжан Тортаева, «Qazverm» кооператив төрағасы Пернебек Тұлғанбаев осындай игі шаралардың оқушылар үшін берері мол екеніне тоқталып, конференцияда айтылған жобалар жүзеге асырылса деген ниетін білдірді.

Конференция соңында болашақтың тұтқасын ұстар жас буынға, яғни Райымбек батыр атындағы орта мектеп және О.Жандосов атындағы, И.Шорманов атындағы орта мектептердегі экоклубтарға аймақтандырылған қызыл шылаушындар табысталды.

Пленарлық бөлімнен соң мектеп жанындағы биогумус өңдеу оқу-тәжірибелік алаңының ашылу рәсімі өтті. Райымбек батыр атындағы орта мектептің экоклуб мүшелеріне «Qaz-AGO» ЖШС оқу орталығы табыстаған аймақтандырылған қызыл шылаушындар арнайы әзірленген алаңқайға жі-беріліп, оларды күту мен көбейтуге қатысты нұсқаулық берілді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Тамыз кеңесіндегі сөзінде: «Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар мемлекеттің өркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл – қазіргі білім және тәрбие беру үдерісінің алдында тұрған маңызды міндет. Отандық білім саласы туған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз тарихыңа құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі тиіс» – деген еді. Білім мекемелері жанынан жас ұрпақты ерте жастан еңбекке баулуда қаржылық сауаттылығын арттыру, экологиялық және экономикалық тәрбие беру арқылы органикалық тыңайтқыштарды өңдеуде оқу-тәжірибелік алаңдар ашудың педагогикалық мүмкіндіктерін айқындауды мақсат тұтқан республикалық ғылыми-практикалық конференция Президент сөзін пысықтады. Жиында балаға білім берумен қатар, оның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, еңбекке баулу қажеттігі айтылды. Жиында талқыланған мәселелер мен ұсыныстар негізінде конференция қарары қабылданды.        

С.НҰРАДИН.

Оқылды 12962 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Конституциялық реформа жөніндегі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот…
Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет