Дүйсенбі, 24 Тамыз 2020 20:42

"МЫҢ БАЛА" ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Алматы облысында ауылды жердегі мектептерге арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының екінші кезеңі мәресіне жетті. Білім сайысы 21-22 тамыз аралығында өтті.

Олимпиаданың негізгі ұйымдастырушылары - «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры. Жоба Елбасы - Тұңғыш Президент Қоры мен "Елбасы академиясы" корпоративті қорының "Ел Үміті" талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі бастамасы шеңбері аясында іске асырылды.

Аталған додаға республика бойынша 5 мың бала қатысса, Алматы облысынан 812 жас дарын бағын сынаған. Білім бәсекесінде оқушылардың функционалдық сауаттылық пен абстрактілі-логикалық ойлау дағдылары сыналды.

Бірінші кезең сырттай өтіп, математика, жаратылыстану, информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндері бойынша үлгерімдерін бағалады.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 92 білімгер, Алматы қаласындағы физика-математикалық Назарбаев Зияткерлік мектебінің және химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 473 оқушы сынақ тапсырды. Зияткерлік сайыс барлық санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді.

Шалғай аудандардағы білім мекемелерінде мәселен, Ақсу ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Жансүгір ауылы; Алакөл ауданы, Үшарал мектеп-гимназиясы, Үшарал қаласы; Балқаш ауданы, Б.Бейсекбаев атындағы ОМ, Бақанас ауылы; Кеген ауданы, №1 Кеген ОМ, Кеген ауылы; Панфилов ауданы, Алтынсарин ОМ, Жаркент қаласы; Ұйғыр ауданы, №4 Шонжы ОМ (орта мектеп), Шонжы ауылында арнайы тестілеу пункттері қызмет еткен. Осы арқылы жалпы саны 247 оқушы зияткерлік сайыста белсенділік танытты.

Айта кетейік, олимпиада қорытындысы бойынша республикадан 5 және 6-сыныптар бітірген 1000 жеңімпаз оқушы өз білімдерін «Білім-инновация лицейі», Республикалық физика-математика мектебі және «Дарын» сияқты дарынды балаларға арналған жетекші мектептерде әрі қарай жалғастыра алады.

Олимпиадада жеңімпаз атанған республика бойынша 1000 оқушының тізімі  www.fnn.kz  сайтында екінші кезеңнен өткен соң 14 күнде жарияланады. Дәл осы сайтта олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің біріне өтініш бере алады.

Оқылды 1790 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет