Сәрсенбі, 16 Желтоқсан 2020 13:22

«Жас ұлан» балаларды шыңдайды

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып саналады. 

Ұйымның міндеттері – қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

16-желтоқсан тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында 5 «А» сынып оқушыларын салтанатты түрде «Жас Ұлан» сапына қабылдау жүргізілді. Биылғы қалыптасқан жағдайға байланысты бұл іс-шара онлайн жүргізіліп, балалар ант қабылдауды ата-анасының қасында, яғни үйде айтып, бейнежазбасын жіберді. Балаларды адалдыққа, елін сүйетін патриот етіп тәрбиелеуде бұл іс-шараның маңызы зор. «Жас Ұлан» ұйымына кіре отырып, оқушылар адалдықты ту еткен қоғам алдындағы міндетін бұлжытпай орындайтын  ұлтжанды азамат болып қалыптасады деп сенім білдіреміз.

«Төле би орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбиелік іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен ізгілік дәнін себуге баса көңіл бөлінеді. Ұлтын сүйген жас «Жас Ұлан» тобына сәттілік тілейміз. Болашақта елімізді көркейту үшін еңбек ететін құрыштай шыныққан ұрпақ болары анық.

 

Э.Омарбаева,

«Төле би орта мектебінің 5 «А» сынып жетекшісі

Оқылды 963 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет