Сәрсенбі, 12 Мамыр 2021 12:10

Мектепте медиаорталық ашылды

Бүгінгі білім берудің басты нысаны – әлемдік білім кеңістігіне кіру. Алғы шарт – қазіргі қоғам сұранысына сай білікті де білімді азаматтарды  тәрбиелеу. Мұндай тұлға өз ұлтының және өзге ұлт өкілдерінің мәдени құндылықтарын қастерлейтін, саналы деңгейде пікірлесе алатын дәрежеде болуы керек.

Елімізді өркендету – қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Мемлекетіміздің келешегі – жастар. Еліміздегі бастамалардың барлығы жас буынның жарқын болашағы үшін қолға алынды. Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды» деген сөзін басшылыққа ала отырып, бүгінде Д.Қонаев атындағы орта мектепте мектеп директоры Римма Ахметованың бастамасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Altyn   urpaq» медиаорталығы ашылды.

Медиаорталықтың мақсаты – оқушылардың коммуникативті іскерлігі мен  дағдыларын, АКТ құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, ой-өрісінің  дамуына  мүмкіндік беру, шығармашылық жұмысқа баулу.

Бала жастайынан бір нәрсеге қызықпаса, не шығармашылыққа, не спортқа, не қолөнерге, не техникаға бейім болмаса, оның болашағы күмән тудырады. Сондықтан балаларымыздың қызығушылығын оятуымыз керек. Оның түрлі жолы, механизмі бар. Соның бірі – баспасөз бен кітап.

Бүгінде мектеп ұжымы мен оқушылар «Altyn Urpaq» медиаорталығының YoutTube мектепішілік каналында «AQPARAT»,  «Syr-suhbat»,  «Sport  zhanalyktary», «Sen bilesin be?», «Ashyq microphone» бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. Мектепішілік каналда қазіргі уақытта екі жүзден астам  оқырман бар. Болашақта YouTube желісінде тікелей эфирде республикалық  деңгейде конференция, вебинарлар және т.б.  іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз.

«AQPARAT» бағдарламасы апта сайынғы мектепішілік жаңалықтарды таратады. Бағдарламаның мақсаты – мектепішілік бақылау, жалпыға білім беру үрдісі, әдістемелік жұмыс, тәрбие ісі, педагог-ұйымдастырушылық, әлеуметтік жұмыстар, инклюзивті білім беру және мектеп тренерлері мен тәлімгерлер, мұғалімдер мен оқушылардың атқарған жұмыс барысымен таныстыру. Бағдарлама жүргізушісі – педагог-ұйымдастырушы, физика пәнінің жас мұғалімі Ботакөз Минажат.

«Syr-suhbat» бағдарламасының мақсаты – студия қонағын оқушыларға таныстыра отырып, оның бойындағы адами қасиеттерді, қонақтың білім-білігі мен өнерін, еңбек жолы мен өмірлік тәжірибесін оқушыларға үлгі-өнеге ету. «Syr-suhbat»-тың жас тілшісі – 2 «Г» сынып оқушысы  Кец Богдан. Бағдарламаның 1,2-шығарылымында директордың оқу-тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Г.Актамкулова, көркем гимнастикадан халықаралық турнир жеңімпазы, спорт шебері 10 «Б» сынып оқушысы В.Преснова қонақта болды.

«Sport  zhanalyktary» бағдарламасының мақсаты – жас спортшыларды қолдау және жетістіктерін үлгі ету, оқушыларды саламатты өмір салтын ұстануға және ерік-жігерін, спортқа деген қызығушылықтарын оятуға бағытталған. Бағдарлама жүргізушісі дене шынықтыру пәнінің жас мұғалімі, республикалық  үстел теннисі турнирінің жүлдегері –Беглан Түгелбай.

«Sen bilesin be?»  танымдық бағдарламасы оқушылардың  өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, ғылыми жобалар мен зертханалық   жұмыспен айналысуға мүмкіндік береді. Жас ізденімпаз тілшілер – 10 «А» сынып оқушылары Лейла Ажмахан, Бекарыс Шерман, Дильназ Рахым және т.б..

Әлеуметтік-психологиялық әдіс негізінде құрылған «Ashyq microphone» бағдарламасының тілшісі – 11 «А» сынып оқушысы Айкерім Құттыби. Бағдарлама мақсаты – мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың белгілі  бір  тақырып төңірегінде ой-пікірімен бөлісіп, өз ұсыныстарын білдіру және кері байланыс жасау.

«Altyn Urpaq »  медиаорталығының  онлайн  ашылу салтанатына белгілі азаматтар қатысып, ақ тілек пен ізгі ниеттерін білдірді. Қазақстан  Республикасы Орталық сайлау комитетінің мүшесі, саяси ғылымдарының  докторы, профессор Венера Жексембекова, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері  университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Толқын Әуелгазина, 31 арна тележүргізушісі Ерқанат Көпжасарұлы, Алматы облыстық Жетісу телеарнасының жаңалықтар бөлімінің тілшісі Құрманжан Қасымжанұлы, Еңбекшіқазақ аудандық  білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі маманы Алма Унакбаева, Түрген ауылдық округінің әкімі Ержан Карибаев, психология  ғылымдарының кандитаты, мектеп жанашыры, жеке кәсіпкер Абубекир Чикаев, «АХЫСКА» этно-мәдени орталығының төреғасы Нурмухамед Кулаев, Голландиядан  онлайн  тікелей байланысқа шыққан тілші, публицист Инна  Климова-Мербург пен өзге де қонақтар медиаорталықтың салтанатты ашылуымен құттықтап, ақжарма тілектерін айтты.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін!» деп Алаштың  арысы, жақұт жырдың жүйрігі, ақын  Мағжан ақынымыз айтқандай, көздерінде от, сөздерінде жалыны  бар  жастарымыз көп болғай!

 

Ботакөз Минажатқызы,

Д.Қонаев атындағы орта мектептің

педагог-ұйымдастырушы

 

Оқылды 1718 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 10, 2025

Пестицидтерді қолдану кезіндегі…

Пестицидтер — ауыл шаруашылығында өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін…
Сәу 10, 2025

Фаст-фудтың зияны

«Фаст - фуд» - термині ағылшын тілінен аударғанда «тез тағам» деген мағынаны білдіреді.…
Сәу 10, 2025

Кене энцефалитінің алдын алу

Кене энцефалиті – жедел вирусты ауру, бұл вирус адамның миын және жұлынын зақымдап, сал…
Сәу 10, 2025

Генетикалық модификацияланған…

Генетикалық модификацияланған өнімдердің (ГМӨ) зияны туралы мәселе ғалымдар мен мамандар…
Сәу 10, 2025

Безгектің сақтық шаралары

Безгек - паразитпен шақырылатын, науқас адамнан сау адамға маса шағу арқылы берілетін,…
Сәу 09, 2025

Жақында «Алатау лигасының» жаңа…

2025 жылдың 15 сәуірінде Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға арналған жоба –…
Сәу 08, 2025

Алматы облысы бойынша Тексеру…

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы 2024 жылы 22 тиімділік аудитін, 1 – сараптамалық…

Күнтiзбе

« Сәуір 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет