Бейсенбі, 03 Маусым 2021 16:01

Мен — қазіргі заман педагогімін

«Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек»

В.МАЯКОВСКИЙ.

Мектеп қабырғасында  жүргенімде сабақты жақсы оқыдым, ондағы  қоғамдық жұмыстарыға да белсене араластым. Сол кездерде ұстаз болуды армандайтынмын. Арманыма қол жеткіздім, қалаған  оқу орнына түсіп, оны ойдағыдай аяқтап, қазір, міне, балабақшада қызмет етіп келе жатқаныма 11 жылдың жүзі болыпты.

Өз басым осы мамандығымды мақтан тұтамын. Балалармен жұмыс жасау – мен үшін үлкен бақыт. Өйткені мен олардың екінші анасымын десем де болады. «Еліміздің ертеңі – бүгінгі  жас  ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», – деп Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында өте орынды айтқан. Бала балалабақшаға келген күннен бастап тәрбиешінің назарында болады. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. Тәрбиеші жұмысының күрделі де қызықты екенін барлығымыз білеміз, әрине. Әрбір өткізген оқу-қызметі, тәрбие процесі баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта – жігері артары сөзсіз. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, сөз байлығын дамыту мақсатында ертегілерден қойылымдар  ұйымдастыруға тырысамын. Себебі бала рөлде өзі ойнаса, сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. Тәрбие процессі мен білім берудің берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында ортаңғы топ тәрбиеленушілерін балабақша өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың «Мен бәрін де балабақшадан үйренемін» – деген үмітін анықтау ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Мен ылғи да балалардың ата-аналарымен байланыста болып, оларды балабақшадағы түрлі шараларға белсенді қатыстырып отырдым.

«Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек» деп В.Маяковский дәл айтқан. Өйткені баланың мектепке дайындығын балабақшадағы әдіс-тәсілдерді ұштастыру арқылы  жүзеге асыру – басты мақсатым. Осындай еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым. Қайда да жігерлі еңбек етпей, айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиеші үшін бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте. Әрбір тәрбиеші алдындағы балалардың мінез-құлықтарын жатқа білуі керек. Олардың ата-анасымен қарым-қатынастары жақсы болса, тәрбиешіге маңыздысы осы дер едім! Өйткені тәрбиешінің жұмысын бағалайтын, бірден-бір адам – ата ана.

Тәрбиеленушілердің шығармашылы-ғын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теория мен практиканы басшылыққа алып, жұмыс жасаған қандай жақсы! Педагогикалық озық технологияларды оқу қызметі барысында жиі пайдаланып отырамын. Үнемі ізденісте жүремін.

Сәуір айында «Үздік тәрбиеші»» республикалық байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен мрапатталдым. Сонымен қатар тәрбиеленушілерімді де қашықтықтан өткізілетін республикалық деңгейдегі байқауларға жиі қатыстырып отырамын.

Алдағы уақытта  көпеген жетістіктерге қол жеткізіп, өз мамандығымды абыроймен  алып жүрсем деймін және барынша тырысамын. Мен мамандығымды құрметтеймін, сүйемін.

 

Гүлнар СҮЛЕЙМАНОВА,

«Шапағат» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Оқылды 3336 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұшқыр ой алаңы Праздник во дворе школы »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет