Сенбі, 19 Наурыз 2022 19:34

Наурыз – көктем мен молшылық мерекесі

Қасиетті қазақ жеріне Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз да сағындырып, сарғайтып жетті, міне! Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Біздіңқасиеттібілімордамыз «Шелек ауылындағы  гимназиясында» да Әз Наурызды мерекелеу өзінше бір ерекшелікпен басталды. Наурыз айы – айлардың сұлтаны десек артық болмас. Себебі тіршіліктің жаңаруы да, көрісу, алғыс айту амалдары да, әлемге тіршілік нұрын сепкен - Ана атаулының мерекесі де осы айға тоғысқан. Осындай қасиетті  айда гимназия директоры Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты. мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға ауданымызға белгілі азаматтар ­­–Алматы облысының Құрметті азаматы, 2 мәрте Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты  Өмірғали Кенжебек,  спортшы, кикбокстен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның, Еуропаның 2 дүркін чемпионы Қайыпжанов Елмұрат Мұқашұлы, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері, «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Осан Жангелді Көшімбайұлы, Шелек ауылдық округі әкімі Абдықалиев Сәкен Дәулетқанұлы қатысты.

Аталмыш  іс-шарада гимназиямыздың өнерлі  ұстаздары мен шәкірттері өздерінің  өнерлерін ортаға салып, көрермендердің көңілінен шықты. Сонымен қатар,  концерт барысында 100 домбырадан құрылған «Атамұра» ансамблінің сахна төрінде күмбірлеткен  күйлері мерекенің сәнін аша түсті.

Ұстазды ұлықтау – ұлағатты іс. Ұлттың кемелді жолында бағдаршам болатын ұстаздар қауымын құрметтеу – міндет. Салтанатты шара барысында білім беру саласына еңбегі сіңген, кәсіби шеберлігімен дараланған ұлағатты ұстаздарға гимназия демеушісі Осан Жангелді мырза мұғалімдерді ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтарымен марапаттады. Сонымен бірге спорттық жабдықтар сыйға тартты. Мерекелік шара  қонақтарға жаңа үлгідегі жабдықталған кабинеттерді таныстырумен жалғасты. Волейболдан шебер сыныбы тамашаланып, спорттық жарыс өтті.

«Көреген басшы елді өсіреді» демекші, гимназия директоры  Ардақ Мұхаметжанқызыбілікті де білгірлігі, ұйымдастырушылық қабілеті, кісілік келбетімен әрдайым ұжымның көңілін таба біледі. Адами қасиетті өмірінің темірқазығындай берік ұстанып, қызметіне адал болу  арқылы жарты ғұмырын ұжымының мүддесіне арнаған басшымызға осынау игі шара үшін алғысымыз шексіз. Үнемі  бізге демеушілік көрсетіп, қолдап жүретін жомарт жандарға, бүгінгі қуанышты бөлісіп, ақжарма тілектерін білдірген қадірлі қонақтарға да  айтар алғысымыз көп.

Наурыз – жаңару мен жасарудың басы. Наурыз – береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің тойы.  Ертеде бұл мейрам елдiң бiрлiгiн сақтап, туған-туысқанның басын қосып, бауырластыққа, татулыққа шақыратын. Ендеше, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!

 

 Аида Ағыбаева,

                                                        «Шелек ауылындағы гимназия» КММ-сінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Оқылды 1289 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет