Дүйсенбі, 02 Қараша 2020 21:10

Мейірімді жандар мерекесі

«Жетімді жылатпа, жесірді қаңғытпа» дейді ата-бабамыз. Өзгенікі деп өзектен теппей, қамқорсыз қалған баланы бауырына басып, отауын тігіп, еншісін беруді парыз санайтын ұлттың ұрпағымыз. Қанға сіңген бұл қасиеттің қадірін жастарға түсіндірудің орны бөлек.

Осы орайда «Қамқоршы күнін» атап өту елімізде дәстүрге айналды. Бұл игі істің басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға ниет білдіретін азаматтардың санын көбейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мереке қарсаңында Абыхан Жексембеков атындағы орта мектептің әкімшілігі тағдырдың тауқыметін арқалап, сәби шағынан ата-анасыз қалған балаларды бауырына басып, мейірімділік танытып отырған мейірімді жандарды құттықтап, сый-сияпат жасады. олардың үйлеріне арнайы барып, балаларға жасап отырған қамқорлығын ерекше атап, алғысын айтқан мектеп директоры Гүлбахыт Қасымжанова Мамир Мустафаев пен Тоқта Еримбетоваға Алғыс хат тапсырды.

Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылулық ұялатып, бақыт сыйлап отырған барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын!

 

А.Қуатбаева,

А.Жексембеков атындағы орта мектептің

әлеуметтік педагогі

Оқылды 1579 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қамқорлығыңызға мың алғыс Өнерлі өрге жүзер »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет