Бейсенбі, 13 Наурыз 2025 15:06

Кондитерлік өнімдердің сапасына қойылатын талаптар

Кондитерлік өнімдер – дегеніміз шикізаттың негізгі түрлерін, тағамдық компоненттерді (ингредиенттерді), тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштерді қосып немесе қоспай, қантты, ұнды,  майларды және какао-өнімдерді технологиялық өңдеу нәтижесінде алынған, белгілі бір белгіленген нысаны бар, тұтынуға дайын көп компонентті тамақ өнімі.

Кондитерлік өнімдері — әдетте, құрамында қанты көп, құнарлылығы жоғары тағамдық өнімдер.  Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге болады. Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады.  Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печенье, пряник, торт, кекс, орама (рулет), вафли, т.б. кіреді.

Кондитерлік бұйымдарды қаптамаға  өлшеп-орау, оларды сақтау және тасымалдау Кеден Одағының 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі. 

 

  Кондитер өнімдерін сатып алар барысында ең бастысы назар аударуды:

-  өнімнің сырт келбетіне;

- өнімді дайындау мерзімі мен температуралық және ылғалдылық сақталу шарттарына;

- таңбалануына, таңбалануындағы ақпартқа назар аудару қажет;

       Өнімнің орамасындағы таңбалануында нақты атауы, өндірушінің атауы, өндірушінің мекен-жайы, құрамы, салмағы, дайындау және сақтау мерзімі, кремдік тез бұзылатын кондитер өнімдерінде сақтау шарттары мемлекеттік және орыс тілінде нақты көрсетілуі қажет.

       Дұрыс таңбалаудың азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етудегі маңызы зор екенін есте сақтау қажет. Жауапты өндірушілер мен сатушылар өз өнімдеріндегі ақпараттың толық әрі түсінікті болуын қамтамасыз етуге тырысуы керек, ал тұтынушылар өз құқықтарын қадағалап, сақ болулары тиіс.

      Сақтау мен тасымалдаудың талаптарын  сақтау үшін жағдай болмаған кезде, жарамдылық мерзімдері белгісіз немесе жарамдылық мерзімдері өткен, қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкес келмеген, құрамында хош иісті (татымды) өсімдіктерді және тамақ өндірісінде қолдануға рұқсат етілген өсімдіктердің түрлерін қоспағанда, дәрілік өсімдіктері бар, қаптамада, заттаңбаларда, затбелгілерде, қосымша парақтарда және (немесе) тауарға ілеспе құжаттарда қажетті ақпараты жоқ, ұсынылған ақпарат сәйкес келмеген, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірі оған қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізген өнім болып табылғанда кондитерлік өнімдердің қандай да бір түрін қабылдауға, пайдалануға, сақтауға,  тасымалдауға және өткізуге жол берілмейді.

 

     Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

     басшысының орынбасары Д.Бақберген

 

 

Оқылды 4959 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет