Бейсенбі, 11 Ақпан 2021 09:44

2020 жылы 22 мыңнан астам адам мемлекеттік қызмет алуға жүгінген

Алматы облысында 10 медициналық-әлеуметтік сараптама  жұмыс жасайды. Солардың бірі Талғар ауданында орналасқан.

Бүгінгі күні аталған медициналық бөлімді тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оның басты себебебі, ақ халаттылардың тексеруі мен шығарған шешімдеріне бұқараның наразы болуы. БАҚ-та тараған бұл ақпарға қатысты Алматы облысы бойынша Еңбек әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің департаментінің өкілдері жауап берді.

Басшылықтың нысанасына алынған, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының халқына қызмет көрсетеді. Талғардағы әлеуметтік сараптамаға жүгінетін  халық саны – 286 мың адам.

2019 жылы №4 МӘС бөлімінде Талғар ауданынан 2960 адам куәландырылды, оның ішінде қайта куәландыру нәтижелері бойынша – 367 адам мүгедек деп танылмаса, 2020 жылы – 2646 адам, оның ішінде 400 адам мүгедек деп танылмаған.

Тумасынан немесе денсаулық жағдайына байланысты мүгедектікті рәсімдеу, «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміндегі сараптамалық қорытындылар объективті тексеру, құжаттарды тапсырған азаматқа қызмет көрсететін медициналық ұйым рәсімдейтін ұсынылған медициналық құжаттарды талдау негізінде шығарылады. Тексерулердің, сондай-ақ жүргізілген емдеу және оңалту іс-шараларының толықтығы үшін медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы жауапты болады.

Талғардағы жағдайға оралатын болсақ, жауаптылар халықтың шағымынан кейін мекеме төңірегіндегі жұмыстың жүргізілу барысын бақылауға алып, тексеру жүргізген. Нәтижесінде, ешқандай заң бұзушылық анықталмаған. 

«Бұған дейін Департамент №4 МӘС бөлімінің мүгедек деп танылмаған 5 азаматқа қатысты сараптамалық қорытындысына талдау жүргізген болатын. Шағымданған жағдайларды қарау нәтижелері бойынша қорытындылар негізді деп танылды, өйткені медициналық құжаттарды объективті қарау және талдау кезінде азаматтарда организм функцияларының тұрақты бұзылуы және тіршілік  әрекетінің шектелуі анықталған жоқ»,-деді Алматы облысы бойынша Еңбек әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің департаменті басшысының МӘС жөніндегі орынбасары Мадина Тәңірбергенова.

Алматы облысы бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес,  67 252 адам мүгедектігі бойынша куәландырылған. Осы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 22 мыңнан астам адам мемлекеттік қызмет алуға жүгінген. Олардың 4 мыңы алғаш рет мүмкіндігі шектеулі деп танылған. Биылғы жылы кембағал жандарға мемлекет тарапынан тағайындалған жәрдемақылардың көлемі өсті. Атап айтар болсақ, 1-топ мүгедектеріне 65 860 теңге, 2-топтағы жандарға - 52 000, егер бала кезден мүгедектігі болса 54 000 теңге жәрдемақы беріледі. Ал 3-топтағы мүгедектерге 35 000, бала кезден кемтар болған жағдайда 41 000 теңге көлемінде қаржы беріледі. Сондай-ақ, 16 жасқа дейінгі балаларға 48 000 теңге тағайындалған.

Алматы облысы бойынша КГУ «JETISÝ MEDIA»  ақпараттық алаңы.

Оқылды 5201 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…
Ақп 06, 2026

Пять сборных команд подразделений…

Пять сборных командподразделений специального назначения государственных органов…
Ақп 06, 2026

5 құрама команда Дубайда өтетін…

Қазақстан мемлекеттік органдары арнайы жасақтарының бес құрама командасы 7-11 ақпанда…
Ақп 06, 2026

ЖИ – мұғалім тәжірибесін жетілдіру…

Жасанды интеллект бүгінде өмірдің барлық саласында қолданылып, қоғам дамуының ажырамас…
Ақп 06, 2026

Сайлау мәдениеті – қоғам…

Демократиялық мемлекет үшін сайлау – тек саяси рәсім емес, қоғамның жетілу деңгейін…
Ақп 06, 2026

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың…

Жалпы алғанда, жаңа Конституциядағы реформалар Қазақстанда құқықтық мемлекетті…
Ақп 06, 2026

Ұзақ мерзімді тұрақтылықты…

Конституциялық реформалар елдің саяси және құқықтық тұрақтылығын сақтауға бағытталған…
Ақп 06, 2026

Азаматтық қоғам институттарының…

Жаңа Конституция азаматтық қоғам институттарының дамуына құқықтық негіз қалыптастырады.…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет