Жұма, 30 Шілде 2021 17:04

Дельта штаммы немен қауіпті?

Жоғары санатты білікті дәрігер, фтизиатр Анна Цепке коронавирустың жаңа түрі - Дельта штаммының қауіпті екенін айтты. Фтизиатрдың айтуынша, бұл штамм қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады және өзіндік белгілері бар. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. 

«Жұқтырған сәттен бастап 7 күн ішінде адамда клиникалық белгілер тез дамып, ауыр түрге айналуы мүмкін. Мұнда назар аударатын негізгі белгілер: ЖРВИ-ге өте ұқсас (тамақтың ауруы, мұрыннан су ағуы, бас ауруы). Сонымен қатар, коронавирус симптомы ретінде бәрімізге белгілі иіс сезудің жоғалуы бұл штамда кездесе бермейді.

Сондай-ақ Дельта штамында тыныс алу белгілерінен басқа, іштің ауырсынуы, диарея, жүрек айну мен құсу, буынның ауыруына назар аудару керек. Сарапшылар бұған есту қабілетінің жоғалуын және төменгі аяқ тамырларының тромбозын қосады», - дейді дәрігер.

Анна Цепке жедел респираторлық инфекцияға ұқсас белгілер пайда болған кезде (коронавируспен ауырғандар санының өсуін ескере отырып) басқа аурулар туралы ойлаудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Өзін-өзі оқшаулап, толық тексерістен өтіп, ПТР-тест тапсыруы және болашақта мамандардың кеңестеріне құлақ асулары тиіс.

"Бүгінгі таңда Дельта штаммы бүкіл әлемде ең қауіпті вирус болып саналады. Бұл штамм бүкіл медициналық қауымдастықта үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл вирустың тез жұғатындығымен байланысты. Егер коронавирустың бұрынғы штамдарынан инфекция 1-ден 4 адамға дейін жұғатын болса, Дельта нұсқасында - 1-ден 7 адамға дейін», - деп қосты спикер.

Өзіңізді қалай оқшаулауға және қорғауға болады деген сұраққа, жоғары санатты дәрігер инфекцияның бұрынғы түрлерінде сақталған барлық маңызды ұсыныстарды қайталады.

«Барлық алдын алу шараларын, бетперде киюді, вакцинацияны сақтаған жағдайда ғана өзіңіздің, сондай-ақ туыстарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын сақтай аласыз деп қайталап айтудан жалықпаймыз. Вирус мутацияға ұшырап, күшейе түсті. Денсаулығыңызға қауіп төндірмеңіз. Егер өзіңізді қазір қорғамасаңыз, екпе салдырмасаңыз, кейін кеш болуы мүмкін», - деп қорытындылады фтизиатр.

Оқылды 5084 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет