Бейсенбі, 27 Ақпан 2025 10:28

Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция және дератизация жөніндегі мемлекеттік қызметтер туралы не білеміз

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 4-1-қосымшасымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерімен "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы арқылы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны қайта рәсімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметтің нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған);

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған лицензия не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде рәсімделеді.

Төлем мөлшері – Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі, келесі лицензиялық алым алынады:

  • Лицензия бергені үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш;
  • Лицензияны қайта рәсімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%.

Қызмет көрсетушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі:

  • Қызмет көрсетуші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен;
  • Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

  • Лицензия алу үшін:
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы №3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтініш;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-101 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
  • Әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;
  • Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және (немесе) техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) медициналық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушының дезинфектор-нұсқаушылары үшін);
  • Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының дезинфекторлары мен дезинфектор-нұсқаушылары үшін);
  • Лицензияны қайта рәсімдеу үшін:
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы №3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтініш;
  • Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

  • Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
  • Лицензиялық алым енгізілмеген;
  • Өтініш иесінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
  • Өтініш иесіне қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
  • Сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот борышкер-өтініш берушіге лицензия беруге уақытша тыйым салады;
  • Лицензия алу үшін өтініш иесі ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса, лицензия беруден бас тартылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация порталы арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық –цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі болады.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі болады.
  4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары egov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

                            Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

 басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 290 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет