Бейсенбі, 05 Маусым 2025 10:49

Автожанармай құю және автогаз құю станцияларына қойылатын санитариялық талаптар

Автожанармай құю станциясы (ЖМҚС), автогаз құю станциялары (АГҚС) – бұл мұнай өнімдерін сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қамтамасыз ететін технологиялық кешен мен жабдық.

ЖМҚС, АГҚС тұрғын үй құрылысына ық жағынан оқшауланған учаскелерде орналастырылады. ЖМҚС және АГҚС құрылысы елді мекендерді салудың бас жоспарлары ескеріле отырып жүргізіледі.

ЖМҚС және АГҚС санитариялық-қорғау аймағы (СҚА) ЖМҚС және АГҚС салу немесе реконструкциялау жобасымен бір мезгілде әзірленетін абаттандыру және көгалдандыру жобасына сәйкес «Адамның тіршілік ету ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің СҚА-ға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының белгіленген талаптарына сәйкес абаттандырылады және көгалдандырылады.

ЖМҚС, АГҚС-та персоналған арналған қызметтік және тұрмыстық ғимараттар (үй-жайлар) көзделеді. Қоғамдық тамақтану және сауда объектілерімен, келушілерге арналған санитариялық тораптармен бір құрылыста орналасқан ЖМҚС және АГҚС отын сақтауға арналған ыдыстардан алыста орналастырылады.

Қарауында ЖМҚС және АГҚС бар жеке және заңды тұлғалар гигиеналық нормативтерге сәйкес норма шегінде жұмыс аймағының ауасында және СҚА шекарасында атмосфералық ауада зиянды заттардың болуын және жұмыс орындарында шу мен діріл деңгейлерін өндірістік бақылауды (өзін-өзі бақылауды) қамтамасыз етеді.

Топырақтың, ашық су қоймаларының, атмосфералық ауаның ластануының алдын алу шаралары қабылданады. Сондай-ақ қызметкерлер жылдың әр мезгіліне арналған кемінде 2 жиынтық саны бар арнайы киміммен және жеке қорғаныш құралдарымен (резеңке қолғаптар, респираторлар) қамтамасыз етіледі.

 

Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М.Азербаев

Оқылды 519 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет