Бейсенбі, 05 Маусым 2025 11:15

Жануардың тістеуінен жарақат алған жағдайда не істеу керек

    Қандай да бір жануардың (үй жануары, жабайы жануар, ауылшаруашылық малдар, кеміргіштер т.б.) тістеуі адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай жағдайда жарақаттың физикалық әсерінен бөлек, аса қауіпті жұқпалы аурулардың (құтырма т.б.) таралу қаупі де бар. Сондықтан әрбір азамат жануар тістеген жағдайда қандай  әрекеттер жасау керектігін білуі тиіс. 

      Бірінші  - Қауіпті бағалау.

     Алдымен тістеген жануардың түрін, мінез-құлқын және иесінің  бар-жоғын анықтау қажет атап айтсақ: үй жануары ма, әлде жабайы жануар ма, жануар агрессивті болды ма,   құтырмаға ұқсас күмәнді белгілері (сілекей ағу, бағытсыз қозғалу) байқалды ма, белгілі жануар болса ол құтырмаға қарсы егілген бе.

   Екінші - Алғашқы көмек.

   Жарақатты өңдеу-инфекцияның алдын алудағы алғашқы және маңызды қадам: 

      - Тістелген жарақаттың орнын кемінде 10-15 минут бойы, таза ағын судың астында сабынды пайдалана отырып жуыңыз.

     - Антисептик қолданыңыз.  Сутегі асқын тотығы (перекись водорода), йод немесе спирт ерітіндісі жараны зарарсыздандыруға көмектеседі.

     - Таңғыш салыңыз. Қан тоқтамаса, таза дәкемен орап, дереу медициналық мекемеге барыңыз.

    Үшінші - Медициналық көмекке жүгіну.

    Жануардың тістеуінен жарақат алған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. Медициналық қызметкер жараның ауырлығын бағалайды, мамандандырылған көмек көрсетеді. Қажетті құтырмаға қарсы профилактикалық ем тағайындайды.  Қосымша зерттеулер мен екпелер қажет пе, соны анықтайды.

   Есіңізде болсын! Бүгінгі күнге құтырманың алдын алудың жалғыз амалы- құтырмаға қарсы егулерді толығымен алу.

     Құтырмаға қарсы егудің сызбасы (вакцина, сары су) адамды тістеп жарақат келтірген жануардың тиесілігіне (белгілі, белгісіз т.б.), келтірілген жарақаттың адам денесіндегі орналасу орнына (ая-қолы, денесі, басы т.б.),  жарақаттың көлеміне (тістелген, жыртылған) тікелей байланысты болады.

    Төртінші - Жануарды бақылау.

     Үй жануары тістеген жағдайда, жануар ветеринарлық бақылауға алынады (10 күн бойы). Егер осы мерзім ішінде жануар тірі және сау болса-құтырманы жұқтыру қаупі азаяды. Егер жануар бақылау кезінде өліп қалса - бұл жағдай дереу эпидемиологиялық бақылауға алынады.

   Бесінші - Жұқпалы аурулардың алдын алу.

   Жануар тістеуінен кейін келесі жұқпалы аурулар қаупі туындайды:

  • Құтырма (бешенство) - ең қауіпті, егер уақытылы вакцина жасалмаса аяғы 100% жағдайда өлімге алып келетін ауру.
  • Сіреспе (столбняк) -егер өзіңіздің сіреспеге қарсы вакцинация статусының белгісіз болса, сіреспеге қарсы егулерді алу қажет.
  • Бактериялық инфекциялар – пастереллез, алтынша стафилококк т.б. микробтар жараға түсіп, іріңді асқынуға әкелуі мүмкін.

    Жануардың тістеуін - қарапайым жарақат деп қарау дұрыс емес. Бұл-инфекциялық аурулардың қаупімен байланысты күрделі жағдай.

   Сондықтан, тұрғындар арасында құтырма мен басқа да жануарлар арқылы тарайтын инфекциялардың алдын алу-қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бағыты. 

     Жоғарыда аталған ұсыныстарды орындау арқылы әр адам өз денсаулығын сақтап, қауіпті инфекциялардын қорғана алады.

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ басшысы М.Азербаев

Оқылды 628 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет