Бейсенбі, 05 Маусым 2025 11:17

Демалыс базалары мен орындарын ашуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес – демалыс базалары мен орындары - эпидемиялық мәні жоғары объектілер тізіміне кіреді.

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінің (әрі қарай Кодекс) 19-шы бабына сәйкес- денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаттары болып: «эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды» табылады.

Кодекстің 20-шы бабына сәйкес - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшесі береді.

         Мемлекеттік қызметтің бұл түрі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы (әрі қарай –Бұйрық) негізінде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері - "электрондық үкімет": www.egov.kz  веб-порталы арқылы;

     Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – нысанға қорытынды беру 13 (он үш) жұмыс күнді құрайды.

     Мемлекеттік қызмет  - тегін көрсетіледі.

          Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

     2) порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

    - Бұйрыққа  2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

        -Бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес тәуелсіз аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі.

       Ашық су қоймаларының суы адамдарға лептоспироз, вирустық гепатиттердің кейбір түрлері, ротовирустық инфекциялар, гельминтоздар сияқты ауруларды жұқтыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан гигиеналық нормативтер шеңберінде су айдындарының су сапасын зертханалық бақылау жүзеге асырылатын халықтың жаппай демалуы үшін ресми түрде белгіленген рекреациялық орындарда шомылу керек.

Сонымен қатар су айдынына шомылуға тыйым салынатын арнайы ақпараттық белгілерге назар аударыңыз!

Сондай-ақ, су қоймаларындағы жағажайлардың тиісті санитариялық жай-күйі ең алдымен өзімізге байланысты екенін атап өту керек.

 

  Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ  басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 814 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет