Сәрсенбі, 28 Мамыр 2025 15:37

Жіті енжар паралич (полиомиелит)

 

       Жіті енжар паралич – адамның жүйке жүйесін зақымдайтын және сал ауруына әкелетін вирустық инфекциялық ауру. Жіті енжар паралич синдромы 15 жасқа толмаған баладағы жедел сал ауруының кез келген жағдайы, соның ішінде «Гийен-Барре» синдромы  немесе  жасына қарамастан полиомиелитке күдік туған кез келген сал ауруы, сондай-ақ паралитикалық полиомиелиттің барлық жадайлары ретінде анықталды.

       Полиомиелиттің негізгі белгілері вирус адам ағзасына ауыз арқылы еніп, ішекте көбейеді. Бастапқы белгілеріне: жоғары дене қызуы, енжарлық (вялость), мойынның, арқаның ауыруы, қол және аяқ бұлшықеттерінің әлсіздігі. Осы сал ауруына шалдыққан науқастардың 5-10 % жағдайында тыныс алу бұлшықеттерінің салдануынан қайтыс болады.

     Аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін вирус нәжіспен адамның ағзасынан шығарылуын жалғастырады, нәжістің 1 граммында 1 миллионға дейін вирустың жұқпалы дозасы болады. Сол себептен, нәжіспен ластанған су мен тамақ арқылы инфекцияның таралу  (фекальды –оральды) механизмі бірінші кезектегі маңызға ие. Эпидемия ошақтарында адамдардың ауа тамшылары арқылы жұқтыруы да мүмкін.

     Полиомиелиттің инкубациялық (жасырын) кезеңінің ең азы бес күн, ең көбі бір айға дейін,  ал орта есеппен екі аптаға созылады.

     Вирус адам ағзасына түскеннен кейін, аурудың әрі қарайғы ағымы адамның иммунитетіне байланысты болады.

       Полиомиелит инфекциясы кезінде аурудың көзі науқас адам немесе вирусты мұрын- жұтқыншақ шырышы мен нәжіс арқылы бөлетін симптомсыз вирус тасымалдаушы болуы мүмкін.

     Полиомиелиттің алдын алудағы арнай  (спецификалық) шарасы болып: ауруға қарсы вакцинация саналады. «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітіліген егу күнтізбесіне сәйкес полиомиелитке қарсы профликатикалық егу баланың  2,3,4, 12-15 және  18 айларында жасалады. Вакцина өзінің тімділігін уақыт өте келе растаған, өйткені осы күнге вакцинация арқасында полиомиелит ауруының еліміздегі тіркелуінің алдын алу мүмкін болып отыр. 

        Полиомиелиттің арнайы емес (бейспецификалық) профилактикасына:

  • жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау: тамақтанар алдында, қоғамдық орындарға барғаннан кейін, көшеден үйге келгеннен кейін қолды міндетті сабынмен жақсылап жуу;
  • рұқсат етілмеген, арнайы тамақ сату орны ретінде белгіленбеген орындардан тамақ өнімін сатып алмау;
  • жемістер мен көкеністерді пайдаланар алдында ағынды судың астында жақсылап жуып, қайнаған сумен шайыңыз;
  • ауыз суға арналмаған, белгісіз көздерден (құдықтар, субұрқақтар, бұлақтар, көлдер, өзендер т.б.) су ішпеу, суды тек қайнатылған немесе бөтелкедегі, зауытта құйылған сусындарды ішіңіз;
  • су процедуралары кезінде және ашық суда болған кезде суды жұтпаңыз;
  • саяхат кезінде көшедегі сауда орындарында сатып алынған өнімдерді пайдаланудан аулақ болу керек.

 

 

 Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

 басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 573 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 14, 2025

Конаев этим летом: более 860 тысяч…

Конаев этим летом уверенно закрепил за собой статус одного из самых популярных…
Шіл 12, 2025

Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қонаев…

Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке…
Шіл 11, 2025

Разъяснение по вопросу переселения…

Согласно информации управления образования Алматинской области сообщаем: в связи с…
Шіл 11, 2025

Алдымен адам папилома вирусы…

 Адам папилома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын…
Шіл 10, 2025

«Е-өтініш –мемлекеттік органдарға…

Е-Өтініш – бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына, ұйымдарына және заңды тұлғаларына…
Шіл 10, 2025

28 шілде — Дүниежүзілік вирустық…

28 шілде — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген Дүниежүзілік вирустық…
Шіл 10, 2025

Чествование преданных делу…

В городе Қонаев состоялось торжественное собрание, посвящённое профессиональному…
Шіл 10, 2025

Қоғамдық денсаулық сақтау ісіне адал…

Қонаев қаласында кәсіби мереке — Ветеринария күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
Шіл 10, 2025

Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік…

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет