Бейсенбі, 20 Қараша 2025 22:30

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қоюы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды тарихи қадам деп санаймын. Бұл құжат – тәуелсіз Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі ішкі тұрақтылықты, ұлттық бірегейлікті және қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін стратегиялық бағдар.

 

Құжатта айқындалған «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» секілді қағидаттар қоғамды жаңғыртудың нақты идеологиялық және рухани іргетасына айналмақ. Әсіресе, әр азаматтың жауапкершілігін арттыру, заң үстемдігін нығайту және әділдікті басты құндылық ретінде орнықтыру бағыттары ерекше өзекті. Бұл – Әділетті Қазақстан идеясының өміршеңдігін қамтамасыз ететін басты тетіктердің бірі.

Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар мен нышандар жүйесін айқындау – ел бірлігі мен патриоттық сезімді күшейтуге, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға зор ықпал етеді. «Алға, Қазақстан!» ұраны мен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» формуласы – бүгінгі қоғамға серпін беретін маңызды идеологиялық ұстанымдар.

Қоғамдық диалог, этносаралық келісім, дін мен мәдениет саласындағы саясатты жаңаша дамытуға бағытталған тұжырымдар да заман талабына сай. Бұл жарлық азаматтық қоғамның, жастардың және барлық әлеуметтік топтардың ел дамуына белсенді араласуына мүмкіндік тудырады.

Жалпы, Президенттің бұл бастамасы – ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, әділдік пен жауапкершілікке негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі қадам. Біз, қоғам белсенділері, осы құжатта көрсетілген қағидаттарды өмірде жүзеге асыруға белсене атсалысып, елдің өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.

 

Бағдат РАХИМОВ,

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы.


Оқылды 247 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет