Сейсенбі, 20 Мамыр 2025 16:41

Абайлаңыз, листериоз!

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру.    Қоздырғышы спора түзбейтін, грамм оң «Listeria monocytoqenes»  бактериалары.

     Жұқпаның жабайы табиғаттағы көзі кеміргіштер мен сүтқоректі жануарлар саналса,  үй жағдайында ит, мысықтар мен ауылшаруашылық малдар (шошқа, ұсақ және  ірі мүйізді мал, жылқы, үй құстары - қаз, үйрек, тауық, үндік, кептерлер мен экзотикалық құстар  -тотықұс) аурудың көзі болуы мүмкін.  

      Листериоз қоздырғышы ауру жануардың ағзасынан қоршаған ортаға зәрі, нәжісі, танау, көз сұйықтықтары мен ауру малдан алынған сүт арқылы бөлінеді.  Жануарлар арасындағы ауру таратушы  болып, буынаяқты қан сорғыш кене, бит және бүрге  саналады.

      Ауру қоздырғыш бактериалар қоршаған орта әсерлеріне өте төзімді болып келеді, ал тоңазытқыш температурасында  (-4 -6С0 ) көбеюге де қабілетті.  Жоғары температура мен зарарсыздандырғыш заттардың әсерінен бірден тіршілігін жояды. Листериоз қоздырғышы  ұзақ (бірнеше жылға дейін)  уақытқа дейін топырақта, су, жем-шөпте сақталады. Қоршаған ортада және тағам өнімдерінде (сүт, ет, май, көкөністерде т.б.) көбею қасиетіне де ие.

      Инкубациялық (жасырын) кезеңі  орташа есеппен 2 - 4 аптаға созылып, кейін  бірден дене қызуының көтерілуі мен жалпы уыттанудың белгілері пайда болады, жүрек айну, құсу, және іш өтуі, бас ауруы, ұйқысыздық, бұлшық еттердегі ауру сезімі мен тітіркеншектік пайда болады. Науқастың бауыры, жүрек пен буындары мен терінің зақымдалуы мүмкін. Листериоз - қоздырғышы  адамның  жүйке –жүйесін (менингит), жұтқыншақ арты лимфа безін (ангина) зақымдайтын, жүкті  әйелдерде түсік тастауды шақыратын, жаңа туған нәрестелерде менингит түрінде өтеді.

      Ауылшаруашылық мал өсіріп, көбейтумен айналысатын шаруа қожалық субьектілердің қызметкерлері, оның ішінде уақытша жұмысқа тартылған адамдар жеке бас гигиенасы және қорғаныш (халат, резеңке қолғап, жеңқап, алжапқыш пен арнайы аяқ киімдер) құралдарысыз жұмысқа жіберілмеуі тиіс. Сол сияқты, төл науқаны алды және науқан аяқталған соң, адам мен жануарларға ортақ жұқпалы ауруларға (бруцеллез, листериоз) зертханалық тексеруден өтуі керек. Жүкті әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларды мал күтіміне (мал төлдету, қырқу, қора тазалау т.б.) жіберілмеуі қажет. Үй жануарларына күтім жасау кезінде жеке бас тазалығын сақтау (қолды сабындап, мұқият жуу т.б.).

      Листериоз жұқтырған науқастың  үй ошағындағы  адамдар мен жұқпаның көзі болуы мүмкін деген үй жануарлары: ит, мысықтар мен ауылшаруашылық малдар листериоз жұқпасына зертханалық тәсілмен тексерілуге жатады.

     Ауласында ауылшаруашылық мал мен үй жануарларын ұстайтын  тұрғындардың назарына: ауылшаруашылық малдан алынған өнімдерді тағамға тек мұқият термиялық өңдеуден кейін қана пайдалануды. Иелігіңіздегі жануарларда қандай да бір жұқпалы ауруларға, оның ішінде листериозға тән белгілер: іш тастау, өлі туу,  жануарлардың белгісіз себептермен жаппай қырылуы байқалса   дереу ветеринарлық қызметкерге хабарлау қажет. Өзіңіз бен отбасы мүшелері тұрғылықты жеріңіз бойынша емдеу алдын алу мекемесіне қаралып, тексеруден өтуге кеңес береміз.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысының орынбасары

 Д.Бақберген

Оқылды 728 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет