Сейсенбі, 23 Қыркүйек 2025 21:46

«Тұрғын үй мен ғимараттарды дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық өңдеу кезінде сақтық шаралары»

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй-жайлар мен ғимараттарда дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық өңдеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Аталған іс-шаралар инфекциялық аурулардың таралуының алдын алуға, зиянды жәндіктер мен кеміргіштер санын азайтуға бағытталған.

     Өңдеудің түрлері мен мақсаты:

        Дезинфекция – жұқпалы ауруларды қоздырушы микроағзаларды (бактериялар, вирустар, зеңдер) жоюға арналған іс-шара.

        Дезинсекция – ауру тасымалдаушы зиянды жәндіктерді (тарақан, шыбын, маса, бүрге, кене және т.б.) жоюға бағытталған шара.

       Дератизация – кеміргіштерді (егеуқұйрықтар, тышқандар және т.б.) жою арқылы эпидемиологиялық қауіптің алдын алу әдісі.

    Өңдеуге дейінгі сақтық шаралар:

     Тұрғындар өңдеу уақыты мен тәртібі туралы алдын ала хабарлануы тиіс.

     Тағам өнімдері, тұрмыстық заттар, балалар ойыншықтары, дәрі-дәрмектер, ыдыс-аяқ және жеке гигиена құралдары қапталып, өңделетін аумақтан шығарылуы қажет.

     Үй жануарлары, құстар, аквариумдер мен бөлме өсімдіктері уақытша ғимараттан шығарылуы тиіс.

    Терезелер, есіктер мен желдеткіш жүйелері мұқият жабылуы қажет.

   Өңдеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі талаптар:

     Өңдеу жұмыстары арнайы лицензиясы бар ұйымдардың білікті мамандарымен жүргізіледі.

     Мамандар жеке қорғаныш құралдарымен (арнайы киім, қолғап, респиратор, көзілдірік) қамтамасыз етілуі қажет.

     Химиялық препараттар бекітілген нормаларға сәйкес, рұқсат етілген концентрацияда қолданылады.

     Жұмыс барысында жанғыш немесе жарылғыш заттардың жанында өңдеу жүргізуге жол берілмейді.

   Өңдеуден кейінгі сақтық шаралар:

     Өңдеу жүргізілген бөлме кемінде 2–3 сағат бойы толық желдетілуі тиіс.

     Өңдеуден кейінгі жалпы жуып тазалау сабынды немесе содалы ерітінділермен жүргізіледі.

     Ас үй құралдары, балалардың ойыншықтары мен тұрмыстық заттар мұқият жуылады.

     Тұрғындардың ғимаратқа қайта кіруіне өңдеу жүргізген мекеме  мамандары рұқсат бергеннен кейін ғана жол беріледі (әдетте 4–6 сағат өткен соң).

    Балалардың ғимаратта болуына тек өңдеуден кейінгі 24 сағат ішінде рұқсат етіледі.

Қамтамасыз етілуі қажет қауіпсіздік шаралары:

    Өңдеуден кейін тұрғындарда аллергиялық реакция, бас айналу, терінің тітіркенуі байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Арнайы химиялық заттардың қалдықтары тұрмыстық қоқысқа тасталмай, белгіленген тәртіп бойынша жойылуы тиіс.

     Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттарды дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық өңдеу – санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Өңдеуді жүйелі түрде (жылына 1–2 рет) жүргізу инфекциялық аурулардың таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

       Осы профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және мамандардың кәсіби іс-әрекеті халықтың денсаулығын қорғауға, тұрмыс жағдайының санитарлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 900 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет