Сәрсенбі, 10 Қыркүйек 2025 10:17

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

          Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы табиғаттағы көзі құмды, шөлейтті аумақтарда өмір сүретін кеміргіштер, ауру қоздырғышын тасымалдауышы бүргелер саналады.

        Ауру қоздырғышы  жабайы табиғаттағы кеміргіштер арасында тұрақты түрде айналымда болғандықтан, обадан қолайсыз аумақта жұмыс жасайтын: мал азығын дайындайтындар, аңшылар, малшылар, серуендеп шығушылардың ауруды жұқтыру қауіпті үнемі сақталады.  

     Сонымен қатар, адам үшін жұқпаның көзі болып ауруды жұқтырған үй жануарлары,  ауылшаруашылық малдар мен  басқа да аңшылықтың нысаны болып табылатын жабайы жануарлар (қоян, түлкі, суыр, сарышұнақтар және т.б.) табылуы мүмкін.

      Ерекше назарда оба жұғу қауіпі жоғары, қолайсыз аумақтарда болған адамдарды ұстау керек, оларға  малшылар, барлау жасақтары, геологтар, құрылысшылар.  Адам оба ауруынан  эпизоотия жүріп жатқан аумақта болған кезде оба қоздырғышын жұқтырған бүрге шаққанда немесе адам тұратын жерге тасымалдаушыны мысық, ит, үй тышқандары әкелуі мүмкін.

       Оба қоздырғышын жұқтырған адамның өзі басқа адамдарға ауруды таратушы болып саналады. Ауру қоздырғышы ауа және  қарым-қатнас арқылы, науқасқа  күтім жасағанда және оның жеке заттарын пайдаланғанда жұғады. Сол себептен ауру жұқтырған науқас  дереу оқшауланып, қарым қатынаста болған адамдар дәрігерлік бақылауға алынуы қажет. 

білінбейді, ол тек 2 ші не болмаса  6 шы күндері ғана біліне бастайды.

     Оба қоздырғышының адам ағзасына түсу жолдарына қарай ауру ағымының бірнеше түрін ажыратуға болады:

  • бубонды түрі, ол бүрге шаққан жерге жақын жерде орналасқан қолтықасты, шат, мойын, жамбас лимфа бездерінің жанында ауырғыш келетін ісік (бубон) пайда болады.

-септикалық түрі, бұл кездегі аурудың белгілеріне науқастың аяқ асты дене қызуы көтерілуі, ентігу, қан тамыры соғысы жиілеуі, сандырақтау, қозғалысының шектелуі байқалады.  Науқастың терісінде геморагиялық бөртпелер пайда болуы мүмкін. Аурудың ағымы небәрі 2-3 күнге дейін созылады.

     -өкпелі түріне тән белгілерге: аяқ асты қалтыраудың пайда болуы, басының қатты ауруы, әлсіздік, дене қызуының  +40,0С - қа дейін көтерлуі. Коньюктивит пайда болуы мүмкін.  Жиі жағдайда аурудың ағымының 2-ші күніне науқаста кеуде қуысында ауру сезімі, сонымен қатар қақырақ аралас жөтел пайда болады, бірнеше сағаттан соң қан аралас қақырақ бөлінеді.    

      Обаға қарсы қызметпен оба бойынша қолайсыз елді мекендер аумағында арнайы барлау жұмыстары жүргізіліп, эпизоотия анықталған аймақтарда алдын алу  іс шаралар атқарылады, оған: сол аймақтағы тұрғындарды  обаға қарсы егу, табиғи ошақтағы эпизоотиялық белсенділікті төмендету үшін, дала кеміргіштермен күресу, жұқпаны тасымалдаушы бүргелердің көзін жою.

      Обаға қарсы егу, аурудың алдын алудың басты шарасы болып саналады.         Табиғатқа серуенге шыққан болсаңыз кеміргіштердің көп шоғырланған жерінен алшақ жүріп, бүргенің шағуынан  сақтану қажет.

     

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 646 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет