Сәрсенбі, 10 Қыркүйек 2025 10:08

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу мен ақпарат алмасудағы таптырмас көмекші саналып,  ойын-сауық көздеріне айналуда.

Олар пайдасымен бірге адам денсаулығына, оның ішінде көру қабылетінің нашарлауы күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Компьютерлендіру дәуірінде осы гаджеттерді шамадан тыс пайдалану салдары азаматардың көру қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.   Егер балаларға, оның ішінде мектеп жасындағы балаларға гаджеттерді қолдану уақытын шектемесе офтальмологиялық патологияға әкелуі мүмкін.

Негізінен компьютерді шамадан тыс қарау салдарынан пайда болатын  көздің шаршауы, құрғақтық, қышуы немесе ауырсыну сияқты белгілерді атап өтуге болады.  Ол  көздің саулығына бірнеше жолмен әсер етуі мүмкін. Оның негізгі себептеріне:

-цифрлық көз шаршауы: ол компьютерді ұзақ уақыт бойы қарау кезінде көз шарашап, ауырсыну немесе көрудің нашарлауы мүмкін. Бұл әсіресе экран мен көздің арақашықтықтың дұрыс болмауынан, жарықтың көптігінен және экранды ұзақ уақыт бойы қараудан болады.

-құрғақ көздер: ол компьютер экранына ұзақ уақты бойы қарап отырған кезде көзді сирек жұмып ашу не болмаса жыпылықтату, бұл көздің құрғауына әкеледі. Көздің табиғи ылғалдылығы төмендейді, бұл құрғақтық, қызару және тітіркену сезімін тудыртады.

-көрудің нашарлауы: компьютермен ұзақ жұмыс жасаған кезде көздің алысты  және жақыннан ажыратуы қиындайды, бұл көрудің уақытша нашарлауына әкелуі мүмкін. Көбінесе бұл симптом «компьютерлік көру синдромы» деп аталады. 

-жарықтың әсері: экранның жарықтығы мен контрастылығы көзге берер әсері өте көп. Жарықтың тым жоғары не тым төмен болуы көздің шарашауына және тітіркенуіне себеп болуы мүмкін.

Әртүрлі гаджеттерді белсенді пайдалану ересектерге қарағанда техниканы жақсы қолданатын балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетін төмендетеді. Ресми статистикаға сүйенсек, балалар мен жасөспірімдердің аурушаңдығы жылдан жылға артып келеді.  

Монитор экранының алдында шамадан тыс өткізілген уақыт ерте ме, кеш пе көздің көру қабылетінің төмендеуімен қатар баланың жүйке жүйесінің бұзылуымен жауап беруімен қатар, иммунитет деңгейін төмендеуіне әкеледі.

Компьютер, ноутбук немесе телефонда ұзақ уақыт болу тек көру қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, ол  жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылмауы  түрлі омыртқа ауруларының дамуының  себебі болып табылады.  Балалар омыртқа ауруларының қайғылы статистикасы бар, өйткені егер бала кезінен омыртқа проблемалары басталса, олар уақытында байқалмаса  және емделмесе, кейіннен ауыр ауытқуларға әкеледі.       Балалардың шамамен  70% - дене бітімінің бұзылуы, ал 10% - сколиоз немесе омыртқаның бүйірлік қисаюы бар.

Мектепте бала күннің көп бөлігін мектеп бағдарламасын үйренуге жұмсаса, сабақтан тыс уақытта гаджеттерге деген құштарлық тек көру ағзасына түсетін салмақты күшейтеді.

Гаджеттердің баланың көру қабілетіне теріс әсерін болдырмауға арналған келесі шарттарды орындау қажет:

-баланың компьютерде, ұялы телефонда немесе планшетте болу уақытын шектеу

-балаңызбен  көз гимнастикасын өткізіңіз, компьютер мониторының өте жарық болмауын қадағалау қажет

-жыпылықтау әсерін айтарлықтай төмендететін жоғары ажыратымдылықтағы және жоғары кескінді сканерлеу жиілігі бар мониторды пайдалану арқылы компьютердің көру қабілетіне әсерін азайтуға болады

-мектеп жасына дейінгі баланың оңтайлы экран өлшемі мысалға 15 дюйм болса, мектеп жасындағы балаға 17 дюймдік монитор саналады.

-сол сияқты егер көздің көру қабілеті төмендігі тұрақты түрде белгі берген жағдайда дәрігерге қаралып, көзге арналған аранйы көзілдіріктерді қолдану қажет.  

Осы факторларды ескеріп, гаджеттердің оның ішінде компьютердің баланың көру қабылетіне теріс әсерін азайтуға болады.

 

 Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

 басшысының орынбасары Д.Бақберген

 

Оқылды 564 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет