Сейсенбі, 23 Қыркүйек 2025 21:57

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі

 

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы өнімдермен қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын сақтау саласындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл өнімдер кеңінен қолданыста болғандықтан, олардың құрамындағы ингредиенттердің адам ағзасына ықпалы, өндірістің санитарлық жағдайы мен стандарттарға сәйкестігі заңнамалық және гигиеналық тұрғыда реттеледі.

Құрамына қойылатын талаптар:

     Қауіпсіздік критерийлері: өнім құрамында канцерогенді, мутагенді және репродуктивті уытты заттардың болуына жол берілмейді. Қорғасын, сынап, мышьяк, кадмий сияқты ауыр металдардың мөлшері белгіленген нормадан аспауы тиіс.  Тері мен шырышты қабықты тітіркендіретін немесе аллергиялық реакция тудыратын заттардың қолданылуы қатаң бақылауға алынады.

      Рұқсат етілген қосалқы заттар: консерванттар, бояғыштар, хош иістендіргіштер тек Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізім бойынша пайдаланылады. Эфир майлары мен өсімдік сығындыларының қауіпсіздік деңгейі клиникалық зерттеулермен дәлелденуі тиіс.

     Өнімді сертификаттау және сәйкестігін растау: Қазақстан Республикасында парфюмерлік-косметикалық өнімдер міндетті түрде сәйкестікті растаудан өтеді (сертификаттау немесе декларациялау). Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сату заңнамамен тыйым салынады. Импортталатын өнімдер халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының техникалық регламенттеріне сай болуы тиіс.

  Өнімнің қаптамасында келесі мәліметтер толық әрі анық көрсетілуі тиіс: өнімнің атауы, құрамы, өндірілген күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, қолдану әдістері, өндірушінің атауы мен мекенжайы, «Аллергия тудыруы мүмкін» деген ескерту (қажет болған жағдайда), ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде берілуі міндетті.

       Тұтынушы қауіпсіздігі:  өнімді сақтау температурасы, ылғалдылығы және жарық әсері өндірушінің нұсқаулығына сәйкес болуы тиіс. Қолдану алдында аллергиялық сынақ жүргізу (теріге аз мөлшерде жағып көру) ұсынылады. Сақтау мерзімі өтіп кеткен немесе қаптамасы бүлінген өнімдерді қолданудан бас тартқан дұрыс,  ал сатушымен (өндірушімен) айналымнан алынып тасталуы керек.

 

   Мемлекеттік бақылау және қадағалау: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары өнімнің қауіпсіздігін жүйелі түрде қадағалайды. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, қауіпті өнімдер сауда айналымынан алынып тасталады. Өндірушілер мен импорттаушылар халықтың денсаулығына келтірілген зиян үшін заң алдында жауапты болады.

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік бақылау, өндірушінің жауапкершілігі және тұтынушының саналы таңдауының үйлесімділігін талап ететін кешенді процесс. Қатаң стандарттарды ұстану, сапаны сертификаттау және дұрыс таңбалау халықтың денсаулығын қорғауға, өнім сапасына деген сенімді арттыруға ықпал етеді.

 

 Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

 басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 878 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет