Сейсенбі, 30 Қыркүйек 2025 16:22

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

        Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен барлық ауыл шаруашылық және үй жануарлары ауырады. Бірақ бруцеллез таралуында ұсақ және ірі қара мал маңызды рөл атқарады. Аса қауіпті, аурудың ауыр түрлеріне әкелетін қой мен ешкі бруцелла қоздырғышы болып табылады.

       Адамға жұғу жолы ауру малдарға қарау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, тамаққа зарарсыздандырылмаған сүт, сүт өнімдерін, етті қолданудан болады.

       Инфекция көзі – ірі қара, қой-ешкі, шошқа, түйе және кейде иттер.

       Жұғу жолдары:

  • Алиментарлы: шикі сүт, қайнатылмаған сүт өнімдері (құрт, ірімшік);
  • Контактілі: малды күту, төлдету кезінде, малдың қанымен, плацентасымен байланыста болу;
  • Ауа-шаң арқылы: жүн, тері өңдеу кезінде;

       Қауіп тобы: малшылар, ветеринарлар, ет және сүт өнімдерін өңдеумен айналысатындар, ауыл тұрғындары.

       Барлық ауыл шаруашылық малдарына тән бруцеллездің негізгі белгілері: түсік тастау, өлі төлдеу.

       Бруцелла вирусы суда 2 ай, етте 3 ай, тұздалған етте 30 күн, жүнде 4 ай, шикі сүтте 40 күн, брынза, сүзбе, қаймақта 2 ай сақталады. Бруцеллалар 60 градуста қыздырғанда 30 минутта, қайнатқанда бірнеше минутта өледі.

       Бруцеллез ауруын жұқтыруға себеп болатын мән-жайлар:

  • адам мал сойғанда қан арқылы, (кесіп алған немесе зақымдалған тері арқылы), өлі төлден, түсік тастаудағы материалдар, төл жанындағы су, зақымдалған жүн арқылы;
  • ауру малдың сүтін, сүт тағамдарын ішкенде немесе жегенде;
  • ауру малдың ластанған нәжіс, тағы басқа бөлінділерімен шаң-тозаң арқылы;
  • ауру малдың етінен қанды кәуәп жегенде, тартылған еттен;
  • ауру малдың жүнін сыпырғанда, өңдегенде, қырққанда, түбітін түткенде, тоқығанда;
  • науқас анасы арқылы балаға жатыр арқылы немесе сүтін емгенде.

          Ауруды жұқтырған сәттен бастап,  алғашқы белгілері 1-4 апта кейде 2-3 айға созылуы мүмкін. Адамдарда бруцеллез ауруы жедел түрде басталып дене қызуының жоғарылауымен бас ауруы, әлсіздік, бұлшық еттердің, аяқ буындарының, бел тұсының ауырсынуы, түнде тершеңдік, ұйқысыздық, тәбетінің нашарлауына әкеп соғады. Әйел адамда бруцеллез ауруының белгісі жиі түсік тастау болып табылады.  Бұл жағдайда, науқас дәрігерге неғұрлым ерте қаралса, адамға ем қабылдау соғұрлым нәтижелі болады.    

          Жеке бас және жанұя мүшелерін бруцеллез ауруынан сақтап қалу үшін негізгі алдын алу шараларын білу қажет:

           Мал сою кезде, мал өнімдерінің шикізатымен айналысқан жұмысшылары арнайы киімдер (халат, резинадан жасалған алжапқыш, резина етік, қолғап) киіп  жұмыс істеуі қажет. Арнайы киімді үйге кіргізуге болмайды, ластанғанда бөлек жуу керек.

          Жұмыстан соң қолды ыстық сумен сабындап жуу керек.

          Мал тұрағында, ет, сүт павильондарында темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.

          Тексерілмеген мал сүтін, шикі сүт ішуге, кез келген жерден сүт тағамдарын сатып алуға болмайды.

           Белгісіз малдың етін ветеринарлық құжатсыз сатып алуға болмайды, тағам пісіргенде шикі еттің дәмін көруге болмайды;

          Балаларға ауру малды жайлауға,  жүкті, бала емізіп жүрген аналарға мал союға қатысуға болмайды;

          Ауру мал тұрған жерді міндетті түрде дезинфекциялау керек.

          Ауру малдарды 3 күн  ішінде сойып тапсыру, үй жағдайында союға тыйым салынады;

          Ет шикізаты кәсіпорындары жұмысшылары, ет шабушылар жылына бір рет бруцеллезге тексеріліп отыруы қажет;

          Ауру малдар анықталған жанұя, әсіресе балалар міндетті түрде емдік-профилактикалық мекемелерде медициналық тексеруден өтіп, бруцеллезге тексерілу қажет;

          Ауылшаруашылық малдарын бруцеллезге тексерту;

          Сол себепті сақ болыңыз және кездейсоқ сауда орындарынан азық-түліктерді алмаңыз, әрдайым сатушыдан өнімге сапа куәлігін (сертификат) көрсетуді талап етіңіз. Бруцеллез – қоғамдық денсаулыққа да, ауыл шаруашылығына да зор қауіп төндіретін ауру. Аурудың алдын алу үшін медицина мен ветеринария салаларының бірлескен іс-қимылы, халық арасында тұрақты ағарту жұмыстары қажет.

 

Қ.Нурбатырова

  Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы                                                                                                                                                                                                                                                               

Оқылды 721 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет