Дүйсенбі, 06 Қазан 2025 10:33

Шетелге шығатын саяхатшыларға арналған санитариялық-эпидемиологиялық кеңестер

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір саяхатшының алдында денсаулығына қауіп төндіретін бірқатар эпидемиологиялық тәуекелдер бар. Бүгінгі таңда әлемнің әр аймағында жұқпалы аурулардың таралу деңгейі әртүрлі, сондықтан сапарға шығар алдында санитариялық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау – аса маңызды міндет.

Жеке гигиена – қауіпсіздіктің басты кепілі

Саяхат барысында әртүрлі елдің климаттық жағдайына, тұрмыс ерекшелігіне және санитариялық мәдениетіне байланысты инфекциялық аурулардың таралу қаупі артады. Оларды болдырмау үшін:

  • Қолды үнемі сабынмен жуу, мүмкін болмаған жағдайда антисептик ерітіндісін пайдалану.
  • Жеке сүлгі, жеке ыдыс және жеке гигиена заттарын қолдану.
  • Көшеде сатылатын, санитариялық бақылаудан өтпеген тағамдардан бас тарту.
  • Бөтелкеленген немесе қайнатылған суды ғана пайдалану.

Тағам қауіпсіздігі мәселелері

Әсіресе экзотикалық тағамдар мен көше асын тұтыну кезінде қауіп жоғары. Көптеген елдерде шикі теңіз өнімдері, толық пісірілмеген ет немесе жұмыртқа арқылы ауру жұқтыру ықтималдығы бар. Шикі және жеткіліксіз термиялық өңдеуден өткен тағамнан бас тарту. Жеміс-жидектерді тек таза сумен жуып жеу. Қоғамдық тамақтану орындарында тағамның дайындалу жағдайына назар аудару.

Инфекциялық аурулардың алдын алу

Әлемнің әр аймағында әртүрлі инфекциялық аурулар таралған.

  • Тропикалық аймақтарда – безгек, денге, чикунгунья, Зика вирусы сияқты маса арқылы таралатын аурулар жиі кездеседі.
  • Африка елдерінде – сары безгек, тырысқақ, менингит қаупі жоғары.
  • Азия өңірінде – іш сүзегі, гепатит А, бруцеллез секілді аурулар жиі тіркеледі.

Сондықтан саяхатшыларға:

Міндетті және ұсынылатын вакциналарды алдын ала алу (сары безгекке қарсы вакцина халықаралық сертификат түрінде талап етіледі).

Масалардан қорғайтын репелленттер, москит торлары мен арнайы дәрілерді қолдану.

Кенелерден қорғану үшін жабық киім кию және табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сақтық шаралары және медициналық кеңестер

  • Саяхатқа шығар алдында медициналық тексеруден өту және дәрігерден кеңес алу.
  • Қажет болған жағдайда профилактикалық дәрі-дәрмектерді (мысалы, безгекке қарсы препараттар) дәрігердің тағайындауымен пайдалану.
  • Жеке дәрі қобдишасын дайындау: антисептик, ыстық түсіретін дәрілер, диареяға қарсы препараттар, таңғыш құралдары болуы тиіс.
  • Жолда жүргенде түсініксіз денсаулық белгілері байқалса, жергілікті медициналық мекемеге жүгіну.

Елге оралғаннан кейінгі сақтық шаралары

  • Кейбір жұқпалы аурулардың жасырын кезеңі ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Сондықтан саяхаттан оралған соң денсаулық жағдайын қадағалап, қажет болған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.
  • Ұзаққа созылған дене қызуы, іштің ауыруы, бөртпе, әлсіздік байқалса, медициналық көмекке жүгіну.
  • Дәрігерге барған кезде шетелден келгенін міндетті түрде хабарлау.

Шетелге шығатын әрбір азамат санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтаған жағдайда өз денсаулығын қорғап қана қоймай, елге оралған соң жұқпалы ауруларды әкелу қаупін азайтады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының кеңестерін орындау – қауіпсіз әрі сәтті саяхаттың кепілі.

 

Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М.Азербаев

 

Оқылды 527 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет