Сейсенбі, 21 Қазан 2025 08:47

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу

  Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция – ол пациенттің медициналық қызметтерді алуымен байланысты пайда болатын кез келген немесе қызметкердің медициналық ұйымда жұмыс істеуі салдарынан пайда болатын инфекциялық ауру. Ауруханаға біз емделу үшін қараламыз. Бірақ, кейде сол емханалар мен ауруханаларда инфекция жұқтыратын жағдайлар болады.

         Медициналық көмек көрсетілген адамда пайда болған инфекция «медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция» деп аталады. Науқас инфекцияны емделу мақсатында ауруханаға жатқаннан немесе медициналық ұйымға қаралғаннан кейін және медициналық қызметкер оларға кәсіптік көмегін көрсеткеннен кейін жұқтыруы мүмкін.

       Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың қоздырғыштары 2 жолмен таралады: ауа–тамшы және қарым–қатынас арқылы. Негізгі берілу факторы болып ауа, медициналық қызметкерлерінің қолы, қоршаған ортаның көптеген нысандары саналады (төсек жабдықтары, таңу материалдары, медициналық құрал-жабдықтар, аппараттар).
       Микробтар мен бактериялардың түрі өзгеріп, қоршаған ортаға байланысты ыңғайлануда, медициналық дәрі-дәрмектер мен зарарсыздандырғыш заттарына төзімділік болып, «госпиталды штаммдарға» айналған. Сол себептен олар сепсис, пневмония, тыныс алу жолдары, асқазан-ішек, зәр-шығару органдарын зақымдайтын ең ауыр сырқаттарды және басқа да жағдайларды тудырады.  Олар балалар мен иммундық жүйесі төмен науқас адамдар, әсіресе қарт адамдар арасында оңай таралады.
       Парентеральдық жолмен таралатын вирустық В, С және Д гепатиттері қоздырғыштары вирустарының қан арқылы берілуі ерекше орын алады. Инфекцияны емхананың стоматолог дәрігеріне және проктолог, гинеколог дәрігерлеріне қаралғанда «жұқтырып» алуға болады. Инфекцияның таралу жолдары мен факторларының маңыздылығы аурухананың түріне байланысты. Мысалы, ана мен баланы қорғау ұйымдарындағы инфекцияның негізгі көзі - ол стафилококк тасымалдаушы медициналық қызметкерлер, жетекші фактор - ауа, ал күйік бөлімдерінде инфекцияның көзі- аурулар болғандықтан, берілу факторлары персоналдың қолдары, пайдаланған бұйымдар болып табылады.  

      Адам ағзасына нұқсан (физикалық) келтірмей жүргізілетін тексерулер – «гастроскопия», көптеген медициналық ұйымдарда ыңғайлы және жұмсақ,  бірақ қолмен зарарсыздандырылатын эндоскоптар пайдаланылады. Сонымен қатар жұмыс барысында құрылымына байланысты зарарсыздандыруға қиындық тудыратын медициналық құрал–жабдықтардың қолданылуы мүмкін. Осындай жағдайда барлығы да медициналық құрал–жабдықтардың пайдаланылғаннан кейін дұрыс және сапалы өңделуіне байланысты.  Егер медбике манипуляция ережесін бұзса, қарапайым ине салудың өзі де жағымсыз жағдайлардың себебі болуы мүмкін. Ал қан сараптамасын тапсыру процедурасы – пациенттер үшін қауіпсіз, себебі бір реттік стерильді құрал–жабдықтар қолданылады.

        Инфекцияның осы түрлерінің қалай алдын алуға болады:
       Бүгінгі күнге медициналық ұйымдар қажетті медициналық–құрал жабдықтармен, бір реттік қолдануға жататын медбұйымдар, зарарсыздандыру заттарымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген.  Соған қарамастан, технологияның дамуына байланысты әр түрлі ем шаралар жасайтын, пациент пен медициналық қызметкер арасында инфекцияның таралу қаупін туғызатын жаңа заманға сай диагностикалық және емдік қондырғылар қолданылады. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу мақсатында стационарларда медициналық қызметкерлер ең бастысы дезинфекциялау, зарарсыздандыру іс-шараларын мұқият орындауы қажет. Сол сияқты, медициналық қызметкерлер жұмысқа тұрар алды және кезекті медициналық қарап-тексеруден өтуі қажет, түрлі жұқпалы аурулардың белгілері бар қызметкерлер қажетті емін алып болғанша жұмыстан уақытша шеттетілуі керек.

          Науқасқа күтім жасайтын медициналық қызметкердің қолды жуу ережелерін қатаң сақтауы мен жеке қорғаныш құралдарын (бетперде, медициналық қолғап т.б.)  қолдану өте маңызды, бұл медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың таралуын және туындау каупін азайтады. Бір реттік қолдануға жататын медициналық бұйымдарды пайдалану аумағын кеңейту, заманауи жабдықты, дезинфектанттарды, антисептиктерді енгізу парентералды гепатиттермен мен басқа да жұқпалы аурулармен сырқаттануды төмендетуге мүмкіндік береді.

       Осылайша медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алудың негізгі шараларын сақтай отырып, медициналық ұйымдарда пациенттер мен  персоналды ауруханаішілік инфекциялардың жұғуын азайтуға және сақтауға болады.

 

Енбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 154 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет