Сейсенбі, 20 Мамыр 2025 16:38

ӘРТҮРЛІ ЖАРАҚАТТАРМЕН 240 МЫҢ ПАЦИЕНТ ЕМДЕЛДІ

Жыл сайын 20 мамырда әлемнің травматолог-дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.
Еліміздің травматологтары күн сайын мыңдаған адамға шын мәнінде аяғынан тұрып кетуге көмектеседі. Ашық сүйек сынуы, күйіктер, жол-көлік оқиғалары, күрделі буын операциялары – мұндай әрбір жағдайдың артында кадр сыртында қалып жататын, бірақ әрдайым шешуші рөл атқаратын дәрігерлер командасы тұрады.

?Бүгінде елімізде 1508 травматолог, оның ішінде 174-і ауылдық жерлерде қызмет етеді.
2024 жылы стационарларда жарақат алған 240 мыңнан астам пациент емделді, ал ауруханаішілік өлім көрсеткіші 1,1%-ға дейін төмендеді, бұл медициналық көмектің сапасы артып келе жатқанын көрсетеді. Өткен жылы жалпы жарақаттану көрсеткіші де 2023 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға төмендегені байқалды.

2024 жылы жарақатқа байланысты жедел жәрдем шақыртуларының жалпы саны 741 728-ге жетті, оның ішінде жол-көлік оқиғаларына байланысты шақыртулар 4,6%-ға өсіп, 47,8 мыңды құрады.
Жарақат пен улану жағдайларымен ем алғандардың құрылымында негізгі үлесті қол-аяқ жарақаттары алады (35%), одан кейін – бас және мойын жарақаттары (24%), ал улану мен басқа да жарақаттардың әрқайсысы 10%-ды құрайды.

Денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде ел бойынша травматологиялық төсектердің саны 9,7%-ға арттырылып, арнайы бөлімшелер мен кабинеттердің желісі кеңейтілді.
Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсету үшін көпбейінді стационарларда 160 травматология-ортопедия және күйік бөлімшесі жұмыс істейді, оның ішінде 47-сі балаларға арналған, сондай-ақ, 80 травматологиялық пункт бар. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда 291 травматологиялық кабинет қызмет көрсетеді.

Оңалту қызметтердің дамуына ерекше назар аударылып отыр: мұндай қызмет көрсететін орындардың саны 1218-ден 2251-ге дейін өсті, бұл мүгедектік деңгейін азайтуға және пациенттердің өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.

➡️Қазақстанның травматологиялық-ортопедиялық қызметті дамытуда елеулі жетістіктерге қол жеткізгені атап өтуге тұрарлық. Соңғы жылдары тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен аурулары бар пациенттерге көрсетілетін көмек жүйесі барынша қолжетімді, технологиялық және оңалтуға бағытталған болды.

⚫️Денсаулық сақтау министрлігі ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, тұрмыста, өндірісте және көлікте қауіпсіздік стандарттарын сақтау бойынша профилактика жұмыстарын жүргізуде, бұл азаматтардың өмірін сақтап қалуға ықпал етеді.
Бастапқы медициналық ұйымдар мен жедел жәрдем станцияларында төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалардан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту жүргізілуде.

⭐️Денсаулық сақтау министрлігі травматолог дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың кәсібилігі мен халық денсаулығын сақтау ісіне қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.

Оқылды 573 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет