Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 16:26

Кәсіптік аурулардың алдын-алу шаралары

 Кәсіптік аурулар — адамның еңбек қызметі барысында зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен туындайтын созылмалы немесе жіті аурулар. Бұл аурулар жұмысшының денсаулығына ұзақ мерзімді зиян келтіріп, еңбекке қабілеттілігін төмендетеді немесе мүлде жоғалтуына әкелуі мүмкін. Сондықтан кәсіптік аурулардың алдын алу — жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыты.

Кәсіптік аурулардың негізгі себептері:

- Шамадан тыс шу мен діріл; 

- Уытты химиялық заттармен жұмыс істеу; 

- Шаңды ортада еңбек ету; 

- Радиациялық әсер; 

- Жүйелі физикалық немесе психикалық жүктемелер; 

- Жеткіліксіз желдету және жарықтандыру; 

- Жұмыс режимінің бұзылуы;

- Жұмыс орнының микроклиматы талаптары сақталмауы (ыстық, суық)

 Кәсіптік аурулардың алдын алу шаралары:

  1. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау:

- Жұмыс орнының зиянды факторлардан қорғалған болуын қамтамасыз ету (вентиляция, шудан оқшаулау, заманауи сүзгілер);

- Санитарлық нормаларға сәйкес температура, ылғалдылық және жарық деңгейі сақталуы.

  1. Жеке қорғаныс құралдарын қолдану, оның ішінде:

- Арнайы киім, қолғап, респиратор, көзілдірік сияқты құралдарды тұрақты түрде пайдалану;

- Қорғаныс құралдарының сапалы және дер кезінде ауыстырылып отыруы маңызды.

  1. Медициналық тексерулер:

- Алдын ала (жұмысқа қабылданар алдында) және мерзімді (жыл сайынғы) медициналық тексерулерден өту;

- Кәсіптік ауру белгілері байқалса, ерте кезеңде анықтап, алдын алу.

  1. Кәсіптік қауіптерді бағалау және бақылау

- Зиянды өндірістік факторларды жүйелі түрде анықтап, олардың деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдау;

- Жұмыс орнында арнайы өлшеулер жүргізіп, жұмысшылардың денсаулығына әсер ететін орта көрсеткіштерін қадағалау.

 

  1. Еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту:

- Жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі, кәсіби аурулар және алғашқы медициналық көмек көрсету туралы үнемі оқытып отыру;

- Қауіпті жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйрету.

  1. Дұрыс еңбек және демалыс режимін сақтау:

- Жұмыс уақыты мен үзілістер дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету қажет.

- Шамадан тыс жүктемелерден аулақ болу (зиянды ортада болу уақытын шектеу).

     Осы саланы реттейтін, мемлекеттік бақылау және заңнамалық негіздері:

     Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыс берушілер өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің денсаулығына зиян келтіретін факторларды азайтуға міндетті. Бұл бағытта келесі құжаттар қолданылады:

- Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі» 

 - «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 07.07.2020ж. № 360-VI ҚРЗ Кодексі;

- «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы;

- «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы, ҚР ДСМ 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығы.  

   Кәсіптік аурулардың алдын алу – тек жұмыс беруші мен қызметкердің емес, жалпы қоғам мен мемлекет үшін де маңызды мәселе. Уақытылы жүргізілген профилактикалық шаралар жұмысшылардың денсаулығын сақтауға, еңбек өнімділігін арттыруға және жұмыс орындарында қауіпсіз ортаны қалыптастыруға септігін тигізеді.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы

 М.Азербаев

 

Оқылды 659 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет