Сейсенбі, 06 Мамыр 2025 16:08

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялаудың маңызды

     Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар теріде және шырышты қабаттарда әртүрлі өзгерістер мен аурулар тудырады.

     АПВ-ның 200 ден астам түрі бар,  оның ішінде 40 түрі адамнан адамға жыныстық жолымен берілетін инфекция.  

     АПВ-ның кейбір түрлері сүйел (бородавка) немесе палиломалар пайда болуына себеп болса, кейбір түрлері жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерін, соның ішінде жатыр мойнының қатерлі ісігін шақыруы мүмкін.

    АПВ инфекциясы көбіне жыныстық жолмен беріледі,  бірақ ол тері арқылы (қарым-қатынас арқылы) да жұғуы мүмкін. Бұл вирус кең таралған және ең жиі кездесетін жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың бірі болып табылады.

      АПВ-ның кейбір қауіпті түрлері, мысалы 16 және 18 типтері жатыр мойнының қатерлі ісігімен қатар тік ішек пен ауыз қуысының қатерлі ісктерімен байланысты болуы мүмкін. Дегенімен көп жағдайда АПВ инфекциясы өздігінен жазылып кетіп жатса, кейбір жағдайда аурудың белігелері байқалмауы мүмкін.

      Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, жер бетіндегі 25 жасқа дейінгі әр бір 10 шы әйел мен ер адамның 8 АПВ жұқтырған.  

       Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойыны қатерлі ісігінің 1900-ға жуық жаңа жағдайы тіркелсе,  600-ден астам әйел бір жылда осы патологогиядан көз жұмады.  Біздің елде жатыр мойыны қатерлі ісігі барлық жастағы әйелдер арасындағы сүт безінің қатерлі ісігінен кейінгі кең таралған аурулардың екінші түрі болып табылады.

      Қазіргі уақытта АПВ инфекциясының алдын алудың мүмкіндігі бар, ол -ВАКЦИНАЦИЯ.

     Бүгінге қолданыстағы вакциналар АПВ- ның ең қауіпті, онкогенді 6,11,16,18 түрлеріне қарсы қорғанысты қамтамасыз етеді және жатыр мойнының қатерлі ісігін алдын алу үшін тиімді болып табылады.

      АПВ –на қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 135 мемлекетінде оның ішінде көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанды қоса алғанда осы ауруға қарсы егуде қолданылуда

     Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина Қазақстан Республикасы Ұлттық егу күнтізбесіне енгізіліп, 2024 жылғы күзден бастап 11 жастағы қыз балаларға вакцинация жүргізілуде.  

       Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен онкологтардың ұсыныстарына сәйкес вакцинацияны 11 жастан бастаудың себебі осы жастағы ағзаның ерекшелігі ересек жасқа қарағанда иммундауға  тиімді және тұрақты иммунитетің қалыптасуына ықпал етеді.

     Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация ұйымдасқан түрде, мектептердің немесе емханалардың егу кабинеттерінде, тегін негізде қолжетімді.

      Егу жұмыстарын жүргізуге арнайы дайындықтан өткен, рұқсат құжаттары бар медициналық қызметкерлер тартылған.

      Вакцинацияға дәрігердің қарап тексеруінен кейін, қарсы көрсетілімдері жоқ, ата-анасының не болмаса заңды өкілінің жазбаша рұқсатымен жүргізіледі. Вакцинаны егу аралығы  6 ай болатын 2 дозадан тұрады.

      Өткен 2024 жылы (қазан, қараша, желтоқсан) ауданымызда АПВ  қарсы вакцинаның 1 ші дозасын 2763 қыз бала қабылдаған, осы балаларға вакцинаның 2 ші  дозасын салу 2025 жылдың 16 сәуір айында бастау алып, бүгінге 791 қыз бала екпесін қабылдады. Егу жұмыстары жалғасуда.

     Адам папилломасы вирусына қарсы екпе алған қыздар арасында егуден кейінгі жағымсыз көріністерге шағымданып, ауданның медициналық ұйымдарына қаралағандары тіркелмеді.

      Құрметті тұрғындар, адам папиллома вирусына қарсы вакцина жатыр мойыны обырының дамуын болдырмайтын, тиімді қорғану әдісі.

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

 

                                         

 

Оқылды 580 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет