Сейсенбі, 06 Мамыр 2025 16:00

Бруцеллездің алдын алу бойынша халыққа ұсынымдар

Бруцеллез адам мен ауылшаруашылық жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру.

Бруцеллез тудырушы микробтар тобын «бруцелла» деп аталады. Бруцеллезге барлық ауылшаруашылық малдар, оның ішінде қой, ешкі, ірі қара және шошқа жиі шалдығады.

        Бруцелла бактериясы қоршаған ортада ұзақ мерзімге дейін тіршілік қабылетін сақтай алады, атап айтсақ суда 3 айға дейін, мұз болып қатқан етте 10 айдан көп, сүтте 10-30 күн, топырақта 1,5 нан 6 айға дейін, сүт өнімдерінде (брынза, май, сыр, айран өнімдерінде) 2 айға дейін, тұздалған теріде 2 ай, жүнде 2-3 айға дейін.

       Бруцеллез қоздырғышының адамға берілуінің бірнеше жолы белгілі:

  • Тағам арқылы - ауру малдан алынған өнімді (ет, сүт) тағам ретінде пайдалағанда (ауыз қуысы мен асқазан ішек жолдарындағы жарқаттар арқылы).
  • Тұрмыстық қарым-қатынас арқылы – ауру малдың сүтін сауғанда, оны сойып терісін сыпырып-етін бөлшектеу кезінде, малды төлдету кезінде төлді ұстау кезінде адамның қолындағы ұсақ жарақаттар мен сызаттар арқылы.
  • Сол сияқты, сирек болса да тағы бір жұғу жолы болып ауа-тамшылы жол- ол ауру малдың жүнін қырқу мен терісін өңдеу, ауру мал тұрған қораны механикалық тазалау кезінде ұсақ шаң тозаң арқылы адамның жоғары тыныс жолдарындағы шырышты қабаттағы жарақаттар мен сызаттар арқылы.

       Бруцелла адам ағзасына түскеннен кейін аурудың жасырын

(инкубациялық) кезеңі басталады, осы кезең адам ағзасының қорғаныш қасиетіне байланысты бірнеше аптадан, бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.

 Аурудың көрінісі біртіндеп басталады: жалпы әлсіздік, түнгі ұйқының бұзылуы мен тершеңдік, тітіргенгіштік, бас ауруы, бұлшық ет пен ірі буындардың қақсап ауруы, тәбеттің болмауы мен дене қызуының +37С ге, кейде 39-40С қа дейін көтерілуі байқалады.

Ауру қоздырғышы адамның орталық жүйке жүйесі, жыныстық – зәр шығару мүшелері, тірек қыймыл аппараты, сүйек, бұлшық ет пен ірі буындарды, бауыр мен көк бауырды зақымдайды. Кейбір жағдайда жүкті әйелдерде іш тастауға себепші болуы мүмкін. Ауру орташа есеппен 2-3 айдан 1-2 жылға дейін созылып, емді уақтылы және толыққанды алмау салдары мүгедектікке де әкелуі мүмкін.

       Өткен 2024 жылы ауданның 6 тұрғыны бруцеллез қоздырғышын жұқтырған, оның ішінде 1 науқас 14 жасқа дейінгі бала болса, 1 жағдайда науқас жасөспірім. Оның ішінде 3 жағдайда аурудың көзі болып ірі мүйізді мал, 3 жағдайда ұсақ мүйізді мал екені анықталды. Сырқаттанушылық ауданның Қазақстан, Рахат, Каипов, Аймен, Бәйдібек би, Қайназар ауылдарында тіркелген.

Ауруды жұқтырудың алдын алу мақсатында келесі  сақтық шараларын орындауды ұсынамыз:

    -Ауылшаруашылық малға күтім жасайтын жұмысшыларға арнайы киімдер (резеңке қолғап, алжапқыш, резеңке етік, бетперде) қолдануды, әсересе мал төлдету кезінде. Малға күтім жасаудан кейін міндетті түрде қолды жуғыш және дезинфекциялық құралдарды қолданумен жуып тазалауды. Малға күтім жасау кезінде қолданылған жұмыс киімдерін тұрғын үйге кіргізбеуді.

      - Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды, жүкті әйелдер мен қолында жарақаты бар жұмысшыларды малға күтім жасау жұмыстарына қатыстырмауды.  

      -Мал төлдету науқанына қатысатын сақманшылар, шопанның көмекшілері мен отбасы мүшелерін төл науқаны алдында және осы науқаннан кейін бруцеллезге зертханалық тексеруден өтуді.

      -Мал төлдеген не болмаса түсік тастаған жерді дезинфекциялық құралдармен өңдеуді. Өлі туылған (іш тастаған) төлді арнайы шұңқырлырға тастауды.

      -Иелігіңіздегі ауылшаруашылық малдардан алған ет пен сүт өнімдерін тек мұқият термиялық өңдеуден кейін пайдалануды.

      -Ет, сүт өнімдерін  тек арнайы белгіленген, ветеринарлық тексеруден өткен, сауда орындарынан алуды.

  -Ауылшаруашылық малды сатып алған жағдайда міндетті ветеринарлық құжаттарын талап етуді. Отарға қоспас бұрын мал дәрігеріне көрсетуді.

      - Жыл сайын ауылшаруашылық малдарды бруцеллезге зертханалық тексеруден өткізу, мал ұстайтын қораларды тазалап, зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуді.

       Осы талаптарды орындай отырып, бруцеллезді жұқтырудан сақтануға болады.

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысының орынбасары

Д.Бақберген

 

              

Оқылды 521 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет